• Заманхат
  • 18 Желтоқсан, 2014

Қазақстандық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің рухани және этномәдени аспектілері

Бүгінгі күнде мамандардың кәсіби дайындығын гуманистік аспектісіз, тұлғаның рухани дамуының ма­ңыз­дылығын ескермей, бір жақты қарастыруға мүлдем  болмайды. ХХІ ғасырда ЮНЕСКО-ның пікірінше, же­тек­ші ғылым психология, яғни адамның жаны туралы, оның өзіндік санасы мен өзін басқаруы туралы ғылым болуы керек. Көріп отырғанымыздай, адамның ақыл-ойына емес, оның жанына кездейсоқ баса назар ау­дарылып отырылған жоқ. Әлеуметтанушылардың мә­­ліметтеріне сүйенсек, қазіргі кезде көптеген жастар адамның ақылын, интеллектісін басқа құнды­лықтардан артық көреді. Заманауи «білімді адам – тек маман немесе тек тұлға ғана емес, ол мәдениетті және өмірге дайын адам. Қарапайым әдеттегі өмір мен жолға қойылған өндіріске ғана дайын емес, сонымен қатар сынақтарға, күнделікті өмірдегі ауысуларға, өзгерістерге дайын» [1]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.На­­зарбаев: «Бізге ендігі жерде «жи­нақ­талған» эконо­микалық өсуді жай пайдалану емес, осы өсуді нақты басқаруды үйрену, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұлас­тыру керек», – деп атап көрсетті [2]. «Әлемдік шаруашылық байланыстарына белсене кіріккен бар­лық осы заманғы бақуатты мемле­кет­тер «парасатты экономикаға» сүйенген болатын. Ал ондай экономика жасақтау үшін, ең алдымен, өз қа­рауы­мыздағы адами капиталымызды дамытқанымыз жөн» [3]. 


Білім беру негізіне нарықтық модель жеке белсен­ділік пен даралылық принципін енгізеді. 
Бүгінгі күнде білімге көзқарастың өзгеруін атап өту керек. Меншіктің жетекші формасы зияткерлік меншік болып табылады. Басынан бастап біртұтас, әмбебап білімге қойылым ұстанған университеттік білімге ден қою қуанарлық жағдай. Мұндай білім беруге жаңа, тұтас, әмбебап, партикулярлық дүниетаным әдіснамасынан тыс тұрғыдан қарауды қа­жет етеді. Демократиялық мемлекет құру жағ­дайын­да мәдениет пен білім беру жаңа статусқа иеленеді, мәдениет білім беру базисіне айналады, ал білім қоғамның модернизациялану факторының бірі болып табылады. 
Осылайша білім көмегімен қалыптасқан адам ғана ХХІ ғасырда қоғам модернизациясының субъекті бола алады. Заманауи білім беру адамның бойында рухани және материалдық, сезімдік және рационалды үйлесімділік тұрғысынан, адамның космос­пен, табиғатпен органикалық бірлігі тұрғысынан қарас­ты­рылатын біртұтас философиялық дүниетаным не­гі­­зінде құрылуы керек. Қаншалықты таңданарлық, қан­ша­лықты жалықтырған болса да, мысалы 1994 жылы Қазақстан Республикасында гуманизация және гу­манитаризация туралы заң қабылданды, ол туралы көп айтылып және жазылып жүр, алайда, гуманизация  – ол ХХІ ғасырдағы білім беруді адамзаттың бү­кіл мәселелерін шешудің маңызды құралы етуге кө­мек­тесетін негіз. 
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қа­­­зақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы», – деп атап көрсетті. Қазіргі кезеңде білім берудің түпнегізі ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы болып табылады [4]. 
Заманауи білім беру үрдісі міндетті түрде нақты халықтың, нақты бір елдің этнопедагогикалық ерек­шеліктерімен байланысты болуы қажет, бұл қоғамдағы интегративті, коммуникативті үрдістің оның бөлігінің толық жойылуы емес, этноұлттық даму байлығы ар­қылы көрінетін жалпыадами коммуникацияның бар екендігін дәлелдейді. Әр халықтың педагогикасы ха­лық­тың жинақтаған, екшеленіп, тексерілген оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістерін  өз жадында сақ­тайды. Сондықтан кез-келген мемлекеттік білім беру және тәрбилеу жүйесі этноұлттық педагогиканың озық үлгілері негізінде құрылуы тиіс. 
Ыбырай Алтынсарин – қазақ педагогикасының клас­сигі. Ол қазақ халқының этникалық ерекше­лік­теріне негізделген педагогика теориясын құрған және оны практикада қолданған ХІХ ғасырдың ал­ғашқы кәсі­би мұғалімі болды. Педагогтың өз оқу­шысына деген шексіз махаббаты, оған жақсылық тілеу, оның бі­лім­ді, ақылды адам болуын тілеу осы қазақ хал­қының педагогикасының негізінде жатыр. Ы. Алтын­сарин осының негізінде арнайы оқыту технологиясы – материалдың күрделілігін, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру және т.б. оқыту мен тәрбиелеу жүйе­сіне үйлесімді, органикалық тұрғыдан енетін білімді жеткізу әдістері қалыптасатынын көрсетті.  Ы. Алтынсарин өзінің оқыту, оқулықтар құрастыру тәжі­рибесіне сүйене отырып, пән логикасын емес, оқушы логикасын ұстануы қажет деген тұжырымға келді. 
Ы.Алтынсариннің пікірінше, оқыту және тәрбие­леу барысында халық шығармашылығын пайда­лану балаларды ұлттық салт-дәстүрлерді құрмет­­теуге үйретеді, адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына көмек­теседі. «Қазақ баласы ортаны ғылыми танып-білмеді; алайда ол өзін қоршаған табиғат құбы­лыс­тары туралы көп білді, Сарыарқа даласында жақсы бағыт ала білді; ол атқа жақсы шапты, са­­дақ­тан дәл атты, аңшылыққа, ақындар айтысына қа­тысты, ертегішілерді тыңдады. Қазақ баласы ұтқыр мақалдарды, ертегілерді, жұмбақтарды, ойындарды, адамгершілік үйретулерді қабылдап, естерінде сақ­тады». 
Көптеген ғасырлар бойы Қазақстандағы дәстүрлі білім беру әдістері этноұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қалыптасқан. Ең алдымен халықтық педагогика туралы сөз болып отыр. Кеңес Одағында 70-ші жылдары жеке халықтардың шаруашылық қызметтерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, ұзақ уақыт бойы кө­шіп-қонып жүретін мал шаруашылығында жұмыс іс­тей­тіндердің балалары үшін арнайы дайындық фа­культеттері құрылды. Мұндай талапкерлер категория­сына 2-3 жыл қатар үзіліс болғандықтан, әскери дайын­дықтан өткен жастар да қосылды. Бір жағынан бұ­ның жағымды жағы да болатын, себебі жоғары оқу орнына түсетін барлық азаматтарға бірдей жағдай жасалынды. Екінші жағынан, білім берудің жаңа сатысына көшу үшін белгілі бір мәселелер туындады. 
Қазіргі жаһандану кезеңінде қазақ халқының жа­рық жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген сөздері өзектілігін жойған жоқ. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның геосая­си орны, ана тіліміз бен ұлттық мәдениетіміздің ке­ңес­тік дәуір кезіндегі және қазіргі жай-күйі, елі­міздің полимәдениеттілік, көпконфессиялық сипаты хал­қымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, рухани құн­дылықтарынан, ұлы педагогтарымыз бен ғұлама гу­ма­нистеріміздің философиялық ой-толғауларынан, яғни тереңге бойлаған түп-тамырларымыздан нәр алып, үнемі және үздіксіз қанығып отыратын шынайы, тәуел­сіз ұлттық білім жүйесін құруды талап етеді [5]. 
Осы бағытта Л.П.Буеваның пікірі шындыққа саяды: «Бізді ұлттық мінез емес, ұлттық дүниетаным қызықтырады, психология емес, былайша айтқанда гносеология, ұлттық көркем логика, ойлау ерекшелігі қызықтырады: аталмыш халық қандай «координаталар торы» арқылы әлемді сезеді және сәйкесінше оның көз алдында қандай космос (көне мағынада: әлемнің құрылымы, әлемдегі тәртіп) құрастырылады. Аталмыш халықтың болмысында бейнеленетін осы ерекше «бұрылыс» ұлттық әлем бейнесін құрастырады [6]. Алайда Қазақстанда Ы.Алтынсарин атымен байланысты қалыптасқан заманымыздың үлкен жетістігі этнопедагогика орта және сол сияқты жоғары білім беру жүйесі болашақ білім алушылардың контингентін міндетті түрде ескеру керек және осыны ескере отырып білім беру үрдісі құрылуы тиіс. Осы  инновациялық технологиялардың қатаң талаптарынан ауытқымай, керісінше  осы технологиялар жер шарының түпкір-түпкірінде белгілі бір ерекшеліктері болмауы мүмкін еместігін атай кеткен жөн. Ғылыми-техникалық прогресс білім берудің тұрақты серігі болып табылады, осы білім беруде белгілі бір принциптерді талап етуі, болашақ мамандарды даярлауда кері әсерін тигізуі мүмкін болатын оқыту техникаларын да ұсынуы мүмкін. Кеңестік дәуірдің өзінде-ақ жоғары білім беру жүйесінде «техникаға – иә, техницизмге – жоқ» ұраны тасталған болатын. Сол кездің өзінде-ақ техника, технологиялардың білім беру үрдісіне шектен аса енуі білім алушының осы машинаға қоса практикалық іс-әрекет субъектісіне айналуына әкеліп соғатынына ден қойылды. Техника басым сфера ретінде қарастырылып, адам техниканың бұйрығын ғана орындаушы ретінде болады деген ойдың туындауына әкелуі мүмкін екендігіне нейрофизиолог Наталья Бехтерева көңіл бөлді. Осыған байланысты білім беру үрдісіне оқытудың адамгершілік принциптерін енгізу қажет. 
Шәкәрім Құдайбердіұлы осы мәселеге байланыс­ты адамды тәрбиелеу барысында ар білімін енгізу қажеттігін айтты. Бұл туралы ғалымдар ойлануы керек деп есептеді. Осы орайда Шәкәрім: «Ұждан-совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай ұждан-совесть құры ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек... Мен ұждан қайдан шығып тұр десем оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть-жанның тілегі. Неге десеңіз, жан жоғалмайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, толық мінез, ой істер керек қылады. Соның қатты бір керегі совесть-ұждан. Оны осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі, егер бұл өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан үшін болады. Мәселен, атым қалсын, пәленше мені сондай кісі деп халық мені жақсы көрсін деген болады. Онан басқа жоруы жоқ. Себебі, ол совестің иесі жан жоқ, артқы өмір жоқ деп отырса, соқыр табиғаттың жансыз жаратқан бір машинасы совесімен іс қылды не, қылмады не?» – деп жазды [7].  
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, қазақстандық білім беру моделі «техникаға – иә, техницизмге – жоқ» қағидасын ұстанатындығын айта кеткен жөн. Ол осылайша барлық кезде адам ма­шинаға жәрдемшіге айналмай, бүкіл өзгерістердің су­бъектісі болып қала беретіндей құрылады. Осы қағиданың орнығуына оқу-тәрбие үрдісінде су­бъект-субъект қа­рым-қатынасының орнығуында әм­­бе­бап, біртұтас дү­ниетанымның бір түрі ретінде қа­зақ философиясының ала­тын орны зор. Қазақ философиясының негізгі қағи­дасы рухани және ма­териалдық әлемнің орга­ни­калық тұтастығы және материалдықтан руха­ни­лықтың үстемдігі білім беру үрдісінде технизациямен күресудің, ХХІ ғасырдағы білім берудің моделін құрастыруда  дүниетанымдық-әдіснамалық негізі болып табылады. 

К. Бегалинова,
ҚазҰТУ, философия  
ғылымының докторы, 
профессор 
Г. Қасымбаева,
ҚазҰТУ, техника 
ғылымының кандидаты 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Розин В.М. Философия образования: предмет, концепция, основные темы и направления изучения  Философия образования для ХХІ века. – М., 1992.
2. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақ­стан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.На­зар­баевтың Қазақстан халқына Жолдауы Егемен Қазақстан, 2007 жыл 1наурыз.
3. Розин В.М. Философия образования: предмет, концепция, основные темы и направления изучения  Философия образования для ХХІ века. – М., 1992.
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қа­зақстан халқына Жолдауы Егемен Қазақстан, 2014 жыл 18 қаңтар. 
5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы қоғам­ның идеялық бірлігінде. – Алматы: Қазақстан, 1993.
6. Буева Л.П. Человеческий фактор: новое мышление и новое действие. М.: Знание, 1988. – 64 б. 
7. Шәкәрім. Үш анық. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 118 б.  

617 рет

көрсетілді

97

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз