• Ел мұраты
  • 18 Қараша, 2022

Жаңа буыннның құндылығы мен сұраныстары

Бүгінгі жас буын еліміз тәуелсіздік  алып, қанатын қатайтып, өз даму жолына түскен 2000 жылдары дүниеге келген жаңа буын болып саналады. Себебі бұл буынның құндылығы, өмірге көзқарасы, талғамы алдыңғы толқынға қарағанда басқаша. Олар  - еркін ойымен, іс әрекетіндегі еркіндігімен, жан жақты жетілген білім деңгейімен ерекешеленетін жас толқын. Бұл толқынның өзі, бүгінде оқу орынын бітіріп, белгілі бір маман иесі болып үлкен өмірге араласуда. Ең алдымен оларда демократиялық құндылықтардың басым екендігін аңдауға болады. Сонымен қатар прагматизм басым.  «Жастар – біздің болашығымыз!» деп ұрандатқаннан гөрі, жаңа буынға өздігінен дамуына жол ашып бергеніміз дұрыс. Осы тұста, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек...» деген болатын. Бұл бастама жастардың, әсіресе оқу орнын бітірген және жұмыс іздеген жастардың өмірден өз орнын табуға, үлкен ықпал етер еді. Ол үшін жаңадан ашылатын жұмыс орындары науқандық, бір реттік емес, сол адамдардың мамандығына сай тұрақты, жоғары жалақымен шағын кәсіпорындардан ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі бүгінгі жастар, әсіресе, қала жастарынының көпшілігі бірнеше тіл біледі, белгілі бір кәсіби дағдылары бар. Ал, ауыл жастарын, сол белгілі бір дағдыға, кәсіпке үйретуге көбірек жағдай жасауымыз керек. Себебі олардың жұмысқа тұруында да, сол кәсіби дағдылар, мамандық иесі болу маңызды. Жастарға жағдай жасу дегеніміз ең алдымен сапалы біліммен қамтамасыз ету, сосын әлеуметтік лифтілердің жұмыс жасауы. Яғни өмірде жалақасы біліміне, кәсіби деңгейіне сай болса, сонымен қатар тұрғын үймен қамтамасыз етілудің тетіктері болу қажет. Жалдамалы пәтерлердің саны, студент жастарға тек комуналдық төлемдерді төлеп тұратын үйлердің немесе жатақханаларды көбейту керек. Ал жас отбасыларға әр бала туылған сайын өсімі азаятын жеңілдігі бар тұрғын үй ипотекалар керек. Бізде көбіне жастар дегенде, осы біліммен қамтылған белсенді жастармен жұмыс жасалады да, ал мамандығы жоқ ауыл, базар жастары қамтылмай қалады. Сондықтан жаңа бастамалар көтергенде түрлі жастар категорияларын қамту маңызды.  Осылайша жастардың өмірден өз орындарын тауып, экономикалық белсенді күшке айналуы жастардың тұлғалық дамуы мен ел экономикасының нығаюына да айтарлықтай ықпал етеді. Осы тұста жастардың өз болашағына жауапкершілікпен қарап, елдегі саяси-құқықтық шараларға қатысып, өз таңдауын жасауы – демократиялық қоғамның көрінісі.

Бауыржан Әліқожа,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы

858 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз