• Тарих толқынында
  • 28 Ақпан, 2023

ШЕКТІ БӨГЕНБАЙ БАТЫР ТУРАЛЫ АҚИҚАТ

2020 жылы 5-11 қарашада шыққан «Ана тілі» газетінің 4 санында  «Шекті Бөгенбай батыр» және 2022 жылы 11 тамызда Ақтөбе қаласынан шығатын «КЕРЕК.ІNFO» газетінің 32 санында «Шекті Бөгенбай батыр шоқысы» атты мақалалар жарияланды. Онда авторлар халқымыздың тарихында елін-жерін қорғаған, ерлік көрсеткен батырлардың арасында зерттеушілер назарына ілінбей жүрген аты бұрмаланып, басқа біреулерге телініп жүрген Шекті руынан шыққан Бөгенбай Жапалақұлының ерлік жолы мен өмірінен ел аузындағы әңгімелер мен тарихи деректерді келтірген болатын.

 Біз бұл мақаламызда ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы тарихи оқиғаларға  байланысты тарихи деректерді, зерттеушілердің еңбектерін, олардың талдаулары мен тұжырымдарын бергенді жөн көрдік. Себебі бұл зерттеулер қай түлғаның, қай оқиғаға қатысы бар екенін көрсетері анық.    

Сонымен, Алаш зерттеу орталығы шығарған Қазақ ру-тайпаларының тарихы (Әлім, Кете, Шөмекей), XIII том, 2-кітаптың 14-бетінде: «Тарихтың осы кезеңге қатысты өзекті мәселелерінің бірі қазақтың айбынды батырларының түсін түстеп, атқарған ерлік істеріне қатысты өзіне баға берілуі. Оның ішінде басты көңіл аударатын жайт, әр ру мен тайпадан шыққан аттас батырлардың өзге руларға телініп кетуі. Сондықтан, осы салада мәселенің байыбына толық қанығып алмай, тарихтың тұңғиығына терең үңіліп, ондағы әртүрлі тайпалар мен рулардың шежіресін тарқата отырып, зерделеуді қажет еткен жөн», – дейді. Бұның дұрыс тұжырым екеніне дау жоқ.

Осы кітаптың 39-40 беттерінде: «Негізінен өздерінің төңірегіне жекелеген және әлсіз руларды топтастырған ықпалды рулар мен тайпалар қазақтың әскери-одақтық бірлестігінің басты қазығы болса, оларды әр хан өз төңірегіне ұйыстыруға тырысты. Мысалы, Әбілқайыр, Қайып, Арынғазы хандардың билігі мен ықпалы Әлімұлы бірлестігіне (Қаракесек бірлестігі), Барақ пен Қанқожа – Наймандарға, Абылай – Арғындарға, Нұралы – Байұлына, Кенесары – Қыпшақтарға иелік етіп, соларға арқа сүйеп, басшылық жасады. Сондықтан аталған кезеңдегі Қаракесек тайпасы бірлестігінің тарихы Әбілхайыр ханның өмірімен тығыз байланыста болды. Ханның басты тірегі Әлімұлының ішіндегі Шектілер болды деген мәліметтер де кездеседі» – дейді.

Мұның дұрыстығын мына деректерден білеміз. Алаш тарихи зерттеу орталығы, 13-том, 4-кітап, Алматы 2010, 7-бетінде: «1748 г. сентяря 24. Описание родоплеменного состава казахов Младшего жуза с указанием мест кочевий отдельных родов, составленное М.Тевкелевым. Опись киргиз-кайсацкого народа Меньшей орды, сколько в той орде родов, и им какие звании, и которые роды сильны и непосредственны, и малосильные, значит ниже сего. Сильный род Алчин, а Алчин разделяется надвое, то есть Каракисяк и Байулы. Каракисяк всех сильнея, ищисляется шесть родов, а именно: Чекли, Каракисяк, Чюмекей, Дюрткара, Каракете, Карасакал. В сих шести родах владельцом был Абулхаир хан. Байулы против каракисяк посредственны, а щисляется двенадцать родов, а именно адай, джаббас, алача, байбакты, берч, маскар, тазлар, исентемир, алтин, шихляр, черкес, тана. В сих двенадцати родах Нурали-салтан. Жедтиру, то есть семь родов, в Младшей орде самые безсильные роды, а именно: табын, тама, кердары, кереит, джагалбайлы, тиляу, рамадан. В вышеупомянутый жедтиру, то есть семь родов, соединены вместе при Тевке-хане, по такой причине оные семь родов поодиночку.... Однако, хотя и семь родов в одно место соединены, пред алчинцами весьма бессильны» деп таңбаланған.

Және ХІІІ том, 2-кітаптың 19-21-беттерінде, орыс деректерінде алты ата Әлім тайпасының Кіші жүздің басқа руларына қарағанда ықпалы мен беделі зор болғандығын білдіретін мағлұматтар жиі ұшырасады.  П. И. Рычковтың «Топография Оренбургской губернии» еңбегіндегі: «Впрочем вся Меньшая орда разделяется на две части: одни называются Алчинцами, другие Семиродцы, по их именования Джатырь [Жетыру авт.], из которых первые гораздо сильнее последних» деп жазып кеткен сөзі де дәлелдей түседі. Бұған қоса, Әлімұлы бірлестігінің Кіші жүздің өзге тайпаларына қарағанда, ықпалды болғандығын «Географическо-статистический словарь Российской империй» жинағынан да кездестіреміз. Онда алты ата Әлім /Қаракесек/ бірлестігі билерінің Жетыру мен Байұлы билерінің айтқан төреліктері мен қазылықтарын өзгертіп, қажет болған жағдайда тіпті күшін жойып жіберу құқығына ие екендігі айтылады. Қалыптасқан қағида бойынша, қарапайым тұрмыста да өзге ру өкілдерінің Әлімұлы тайпасына өзіндік құрметі ерекше болған дейді. Н.Е.Бекмаханованың «К вопросу об этническом составе и политической истории Ногайской орды и Казахстана в ХVІ-ХVІІв.в.» еңбегіндегі: «Этническим ядром  Младшего жуза было племенное обьединение Алчин. Впоследствии Младший жуз стал делиться на два поколения – Алимулы и Байулы. Последним выделялось третье поколения Жетыру», – деген сөзі пікірімізді құптай түседі.... «Қаракесек тайпалық бірлестігінің атақты билері мен батырларының Кіші жүздегі ноқта ағалығы туралы Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының мүшесі В.В.Вельяминов-Зерновтың шығармасында да сипатталған» дейді.

Бөкенбайтанушы, тарихшы И.В.Ерофееваның еңбектеріне көбірек үңілдік. Оның «Рыцарь «звание» чести» атты еңбегінің, Алматы 2017, 16-17-беттерінде: «В традиционной иерархии родоплеменных групп Младшего жуза прилигерованное  положение занимало поколение алимулы ...Оно считалось в среде степняков старшим родом, т.е. самой знатной родоплеменной группой  по отношению к двум другим родственным обьединениям номадов, так как фактический являлось самым многочисленным и сильным («всех сильнее») из трех поколений алшинов (Алшыннан тарайтын Әлім мен Байұлы, Жетіру Алшынға кірмейді – авт). (ИКРИ-3.С.301-302.Рычков, 1999.С.58,99). По этому поводу известный российский иследователь Младшего жуза  И.Ф.Бларамберг позднее писал в одном из своих трудов, что «в киргизских (прав. Казахских-И.Е.) народных сеймах алимулинцы первые подают голос, первые делают определение, и принятие его одним родом дает полную власть к общему согласию и исполнению. Предложенное же младшим родом не обязывает к исполнению алимулинцев. Как старейшим по первородству родоначальника своего, им везде и во всяком случае оказывается наружное предпочтение (Бларамберг, 1848.С.74–75). Первородства алимулинцев, – отмечал вслед за ним Л.Л.Мейер, – строго соблюдалось. Их мнение и приговоры были обязательны для баюлинцев и семиродцев, но не наоборот» (Мейер,1865.С.4).Ниже поколение алимулы по статусной иерархии племен Младшего жуза располагалось поколение байулы, а за ним уже – жетыру» дейді.

Алшындар туралы И.В.Ерофееваның аталмыш еңбегінің 116-бетінде:«Наряду с Бокенбаем и его сородичями  весомый вклад в долгожданную победу обшеказахского ополчения над сильным врагом внесли также многие другие батыры Младшего жуза, мобильные отряды которых в течение 1727-1728г.г. на разных направлениях боевых действий против джунгарских караульных войск находились в авангарде воинских формирований казахов. С учетом данного обстоятельства известный казахстанский иследователь первой четверти прошлого века М.Тынышбаев, осветивший в свойх трудах на основе народных преданий историю победоносного наступления различных родоплеменных ополчений казахов по территорий Сарыарки и Бетпакдалы, особо отметил, что « алчыны сыграли выдающуюся роль» в этой освободительной эпопее (М.Тынышбаев)» деп жазады. Жоғарыдағы ғалымдардың еңбектерінде  Әбілхайыр хан туралы және оның билігі қарамағындағы Алшыннан тарайтын Қаракесектің Әлім  тайпасын құрайтын  руларға жүретінін, олардың оны қолдап мықты тірегі болғандығы кеңінен айтылды.

Қазақ ру-тайпаларының тарихы, (Әлім, Кете, Шөмекей), XIII том, 2- кітаптың 14-бетінде: «....Міне, осы кезеңдерде әр рулар мен тайпалардан шыққан «Бөгенбай батырлар» легі қазақ даласын дүр сілкіндірді.Олардың қай-қайсы болмасын мақтануға тұрарлық, ел ісіне елеулі еңбек етіп, ерлік көрсеткен қазақтың хас батырлары еді» – делінген.

Сол «Бөгенбай батырлар» легіндегі хас батырлардың  бірі –Шекті Бөгенбай батыр туралы ел аузындағы әңгімелер мына төмендегі тарихи екі дерекке айғақ болып жазылып, бір-бірімен қабысып жатыр.

Орыс саяхатшысы әрі тыңшысы Я.П.Гавердовский жайында И. Ерофеева «Хан Абулхайыр полковедец, правитель и политик» (Алматы «Санат» 1999 г.) кітабының 106-бетінде: «...Народное воспоминание об этом событий дошли до нашего времени в письменном изложеный Я. П. Гавердовского, который записал их 1803 г. в казахских аулах рода Шекти и некоторых других подразделениях поколений алимулы на территории Северо-Восточного Приаралье...» дейді.

Жоғарыдағы шоқыға қатысты екі дерек қай тарихи тұлғаға қатысты екенін, Табын Бөкенбай батыр  Үстүрт жағында түрікмендермен болған соғыста қаза болғанын мына дереккөзден білуге болады: «Первые сведения о гибели знаменитого старшины табынов были получены 21 февраля 1742 г. Английским купцом Реональдом Гоком (Хоугом) находившемся в это время на территорий Северо-Восточного Приаралья, в селениях каракалпаков (ИКРИ-4. С. 206, 207, 211). Позднее информация о трагических событиях последних дней или даже часов жизни Бокенбая дошла до яицкого казака Харку... во времени пребывания в аулах Младшего жуза услышал от казахов эту печальную новость (С. 205). Благодаря доношениям обоих вышеупомянутых лиц своему непосредственному начальству о военном походе табынов в кочевье туркмен, в середине июня того же года высшие должностные лица российской администрации Оренбургского края смогли узнать, где и каким образом завершил свой жизненный путь самый авторитетный влиятельный батыр Младшего жуза» («И.В.Ерофеева «Рыцарь звание чести», 172,249–252 беттер). И.В.Ерофеева өзінің аталмыш 2017 жылғы еңбегінде Я. П. Гавердовскидің «Буканбай шоқысы» мен «Буканбай таулары» туралы оқиғаны екі тарихи тұлғаға арнаған деп ойлаған сияқты. Себебі мәтіндегі оқиғаны Табын Бокенбай батырға теліп жазады, атап айтқанда еңбектің 75 бетінде: «По преданиям казахов рода торткара и шомекей Младшего жуза, записанным сто лет спустя путешественником Я. П. Гавердовским... Главной стратегической высотой на заселенной аулами жетыру холмистой местности, ...батыр выбрал самый высокий конусообразный холм, ...то на вершинах последних Бокенбай также расставил караулы, откуда его люди различными сигналами своевременно уведомляли соседей о приближении военных отрядов калмыков» – деп жазып, мына дерекке сүйенеді [ИКРИ-5.С.92,219,220]. «В старину – говорили казахи алимулинцы Я.П.Гавердовскому когда калмыки, притесня орду чрез набеги оставались обитать частью в здешних окрестностях старшина Буканбай с подвластными ему аулами...  Долго таким образом охранялось сие природное укрепление... (там же.С.219–220), – деп дереккөзді аяқтайды. (Дерек көзде ауыл жетыру деген сөз жоқ.– авт).

Ал дереккөздің жалғасы.... «но наконец, жестокое сражение, в коем Буканбай лишился жизни, открыл врагам путь в середину. Тело сего героя погребено на горе маячной» – ды, қолданысқа пайдаланбайды.  Міне, көріп отырсыздар, себебі дереккөздің екінші жартысында «Старшина Буканбай» қалмақтармен соғысып қаза болады және сол шоқыға жерленеді.

Ал, Ресей архивтеріндегі деректер Табын Бөкенбай батырдың 1742 жылы түркмендердің қолынан қаза тапқанын растайды, қалмақтардың қолынан емес. Осы себепке байланысты дереккөздің жалғасын пайдаланбаған, әрі оны пайдалана алмайды да. Осы еңбегінің 76-бетінде: «Поэтому еще при жизни Бокенбая (Табын Бөкенбай батырды тірі кезінде деп айтып отыр-авт.) получили широкую известность во многих родах Младшего жуза и со временем глубоко запечатлелось в исторической топономике западного региона. В ХVIII в. казахи, кочевавшие в низовьях Ыргыза, дали имя Бокенбая самой высокой «караульной» сопке в этом районе, образно назвав ее  «Бокенбай шоқысы» - «Пик Бокенбая», или «Маяк Бокенбая», Кроме того, название Бокенбай – «Бокенбаевы горы» местные казахские роды распространили на два окрестные сопки , расположенные вблизи главной каменной скалы конусообразной формы (ИКРИ-5.С.92,219) И.В.Ерофеева «Рыцарь звание чести. Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы». 74-77-беттер). Я.П.Гавердовскидің екі дерегінде (ИКРИ-5.С.92,219) таулар мен шоқы қалмақпен соғыста қаза болатын бидің атымен аталатынын анық айтқан. Және батырдың ерлігінің құрметіне тірі кезінде емес, қайтыс болғаннан кейін таулар мен шоқыға есімі беріледі.  И.В.Ерофеева тарихи деректі бұрмалап отыр. Бұндай қателіктің, бұрмалаудың басты себебі ғалымдар тарапынан Шекті Бөгенбай батыр туралы зерттелмеуі.Тағы бір себебі Ресей мұрағаттарындағы деректердің  біздің елге кеш келуі. Осыған байланысты тарихшыларымыз Шекті Бөгенбай батыр туралы мағлұматты білген емес. Я.П.Гавердовскидің «Бөгенбай шоқысы» туралы екі дерегі, екі тарихи тұлғаға арналып жазылған жоқ, атап айтсақ, Табын Бөкенбай батыр мен Шекті Бөгенбай батырдың екеуіне  жазылған тарихи дерек емес. Я.П.Гавердовскидің «Бөгенбай шоқысы» туралы екі дерегі бір тарихи тұлғаға – Шекті Бөгенбай батырға арналған дерек.

Шекті Бөгенбай батыр Жапалақұлы мен Табын Бөкенбай батыр Қарабатырұлының қайсысы 1710 жылы Қаракесек  құрылтайына қатысты дейміз, енді соны анықтап көрелік:

Бірінші: Қарақұм туралы оқиғаны Я. П. Гавердовский Шекті ақсақалдарының аузынан жазып алды (И.В.Ерофеева «Хан Абулхаир:полководец,правитель,политик».изд.3-е,исправл.и добавленное,-Алматы,2007,139 стр.)

Екінші: Қаракесек құрылтайы Әлім руының қонысы Қарақұмда өтеді.

Үшінші: Әбілхайыр ханның басты тірегі Әлім рулары болды.

Төртінші: Әбілхайырды хан сайлап және өздерінің рулас батыры Шекті Бөгенбайды «бас сардар» қылған Әлім руының басым көпшілік болуының ықпалы. Себебі Кіші  жүздің саны көп, ең мықты, айтқан сөзі жүретін, ноқта ағасы Әлім тайпасы өз жерінде басым көпшілік болып тұрып, Кіші жүздегі қалыптасқан салт бойынша бірінші болып сөз ұстап, Әбілхайырды өздеріне хан сайласа, басқа рудан бас сардар сайлауы мүмкін бе? Мүмкін емес. Әлім тайпасында батырлар көп болғаны белгілі. Сол көп батырдың ішінен Әлім Шекті Бөгенбай батырдың «бас сардар» болып сайлануы сол заманның заңдылығы (Жоғарыдағы Алаш зертеу орталығы, М.Тевкелев, П.И.Рычков, И.Ф.Бларамберг, Л.Л.Мейер, В.В.Вельяминов-Зернов, Н.Е.Бекмаханова, И.В.Ерофеева еңбектерінің негізінде).

Бесінші: Қаракесек құрылтайына Әлім тайпасының басым көпшілігі, соның ішінде Шекті руының Бөлекшора бөлімі қатысады. Сол Бөлекшорадан – Айт, одан Қабақ, одан Жанкелді одан Жапалақ. Жапалақтан Бөгенбай болып өрбиді. Бөгенбай батыр Бөлекшораның бесінші ұрпағы болып келеді. Шекті Бөгенбай батырдың Қаракесек құрылтайына қатысқаны анық болып тұр. 

Алтыншы: И.В.Ерофеева «Қаракесек құрылтайы» және «Бөгенбай шоқысы» оқиғаларын  бір тарихи тұлға қатысты деп тұжырым шығарады. «Рыцарь звание чести» кітабының 5-бетінде: «Важные сведения ретроспективного характера о Бокенбае содержатся...  Я.П.Гавердовского «Обозрение Киргиз-Кайсакской степи», написанном в 1809 г.на основе полевых материалов служебной поездки русского офицера по территории Западного Казахстана (ЙКРИ-5,С,155–495). Автор подробно изложил здесь два интересных народных предания о разновременных подвигах «известного по храбрости» батыра Бокенбая, в том числе оригинальный рассказ наиболее компетентных старшин Младшего жуза об обьединительном курултае казахской знати 1710 г. в Приаральских Каракумах и его роли в принятии собравшимися в песках султанами и батырами судьбоносного решения о «единодушной защите друг друга до последней капли крови» (там же.С.393-394).

Жетінші:  Қарақұм құрылтайына қатысқан ру-тайпалардың  құрамы туралы. Табын Бөкенбай батырдың Қарақұмдағы Қаракесек құрылтайына қатысқандығын, басқа аттас «Бөгенбай» батырлармен шатастырмайтын айғақты деректі зерттеушілердің назарына ұсынып отырмын деп тұжырымдайды.  Орыс тарихшыларының кейбіреулері, оның ішінде И.В.Ерофеева қазақ руларының шежірелерін білмегендіктен, атап айтсақ, зерттеліп жатқан тарихи тұлғаның қай руға, оның қай бөліміне жататынын білмеуі, олардың үлкен қателікке бой алдыруына әкелген – авт.).

Сегізінші: Қарақұмда болған Қаракесек құрылтайына қатысқан тайпа, рулардың тізімі беріледі. И.В. Ерофееваның «Рыцарь звания чести» зерттеуінде (87-88 беттер): «...По свидительству казахских аксакалов зафиксированном материалах Я. П. Гавердовского, зимой для решения вопроса об употреблении общих «усилий к единодушной защите друг друга» в заранее назначенное место на территорий Каракумов прибыли старшины 14 разных социальных подразделений Младшего жуза: родов-карасакал, каракете, каракесек, торткара, отделений елдар, каратамыр, токен, коет, аюссырым, көнек, сары-кешкене, аккете и ушжарай рода шомекей; отделений-кашкене, улькен, или белекшора, рода шекты поколения алимулы и рода табын поколения жетыру. (Дұрысы, часть рода Табын поколения жетыру – авт.23.Чжидерууского рода, табынского отделения часть, называемая чумичли, состоит из 9 уделов в коих до 4000 семей. Ими управляет Барак батыр. – авт). Последние 14 частей Меньшей орды есть собственно та часть киргизцев, которая, как видно было в историческом известии, вступила союз каракисяцкий. Они иныне в главных до общества касающихся делах между собою имеют некоторый вид согласия и составляют как бы особую орду, отпадшую от повиновения избираемых Россиею ханов, - дейді.  Жоғарыдағы  Қаракесек құрылтайына қатысқан Кіші жүздің аталған 14 руының ішінде Табын руының Тарақты, Тартулы тайпалары (бөлімдері) жоқ. Себебі олар  Қаракесек құрылтайына қатысқан жоқ. Табын -Тарақты тайпасы(бөлімі) –Табын Бөкенбай батырдың руы, тайпасы.

Тоғызыншы: Қаракесек құрылтайына Табын руының ішінен Шөмішті тайпасы ғана  қатысады. Табын руының шежіресін оның негізгі құрамдас бөлімдерін білу үшін Қалыш Аманжол, Жетпісбай Нұржан, Әнеш Сағынтайдың «Табын» атты шежіре, І том, Алматы, 2016. 62, 176, 232 беттерінде: Кіші жүз – Жетіру –Табын – Тартулы, Тарақты, Шөмішті болып үшке бөлінеді...Таракты руы – Жаманкерей – Ақдаулет, Амандаулет, Асандаулет (Жылқышы) болып бөлінеді. Амандаулеттен Абыз, Әшебек, Туатай, Жиембет, Қыдырүмбет,Тәумбет болып беске бөлінеді. Осының ішінде Жиембеттен Жалтыр, одан Қарабатыр, одан Бөкенбай батыр болып таралады. Мінекей, Табын – Тарақты – Жаманкерей – Амандаулет – Жиембет – Жалтыр –Қарабатыр – Бөкенбай батыр руы осылай таратылады.

Оныншы: Қаракесек құрылтайына Табын руынан Бөкенбай батыр Қарабатырұлының өз руы – Тарақты тайпасы қатыспаған. Осыған байланысты Табын Бөкенбай батырдың да әлдебір себептермен қатыспағаны белгілі болды. Ол туралы ИКРИ ХVІ–ХХ веков V том Алматы «Дайк-Пресс», 2007.419-бетінде: «Чжидерууского, или семиродского, рода главные отделения. 37.1. Главное табынское, собственно называемая тактулы-табын. Состоит из 11 уделов, в коих до 6500 семей. Управляет оными Сағыр батыр, Кучукбай, Чжанбенбай и Илекбай. (Управляет оными Сагыр-батыр дегені – (Табын -Тарақты – Әшібек), Кучукбай – Күшікбай батыр (Табын-Тарақты-Әшебек) екені және Илекбай дегені –(Табын -Тарақты –Қадырбек) бөлімінен екені, авторлары Қалыш Аманжол, Жетпісбай Нұржан, Әнеш Сағынтай, Табын 1 том. Алматы 2016, еңбектерінің 34, 38, 39, 41, 191- бетерінде келтірілген. – авт). 38.1. Кердеринское – из 5 уделов, до 3500 семей. 39.3. Тамынское – из 6 уделов, до 2000 семей. 40. Алимулинского рода, чумекейского отделения часть называемая каракиты, имеет 3 удела, до – 2200 семей. 41.Чжидеруу –жагалбайлинцы имеют 12 отделений, в них до 7000 семей. 42. Чжидеруу –рамадан –в 2 уделах, до 3000 семей. Сие последние 6 частей Меньшей орды главным под собою предпочитают избранного ныне на месте Айчувак-хана Чжантюрю, которого власть далее сего не простирается», – дейді. Бұл жерде Қарақұмда Қаракесек құрылтайына қатыспаған, Қаракесек құрылтайының құрамына кірмеген Кіші жүздің соңғы алты руын – Жетірудың басты рулары деп Табын руы Тарақты тайпасынан –Бөкенбай батыр Қарабатырұлының руын және сонымен қатар, Кердері, Тама, Чумекей, Жағалбайлы, Рамадан руларын көрсетіп отыр.

Он бірінші: Я.П. Гавердовский күнделігінің екі жерінде «Старшина Буканбай» туралы оқиғаларды баян етеді. Екі оқиғада айтылып отырған «Старшина Буканбай» бір тарихи тұлға екені белгілі. Себебі, екі аттас адамның атын баяндағанда, бірінің атын екіншісінен айыру немесе ажырату үшін автор өзгеше атар еді. Я. П. Гавердовский екі оқиғадағы баяндалатын «Старшина Буканбай» атты тұлғаны бір тарихи тұлға ретінде беріп тұрғаны айдан анық.

Он екінші: Әлім тайпасының ақсақалдары айтқан «Бөгенбай шоқысы», «Қаракесек құрылтайы» оқиғаларына қатысқан тарихи тұлға Бөгенбай би деп баяндалады. Бұнда  Бөгенбайдың руының айтылмаған себебі Әлім, Шекті ақсақалдары өз руының Бөгенбай батыр атын айтқанда руын айтпағаны белгілі. Қазақ халқында өз руының немесе тайпасының батырларын туыстары, рулас ақсақалдары әңгіме қылғанда тек атын ғана айтады, руын қосып айтпайды.Себебі әңгіме қылып, айтылып отырған Шекті Бөгенбай батыр өздерінің жақын туыс бабалары болып келеді.

Он үшінші: Егер де осы оқиғаларға Табын Бөкенбай батыр қатысқан болса,  Әлім ақсақалдары өз әңгімелерін айтқанда батырдың руын айтып Табын Бөкенбай батыр деп айтар еді.

Он төртінші:«Все предания однозначно свидительствуют о том что Бокенбай был похоронен в своих родовых кочевьях, но точное местонохаждение его могилы нейзвестны. По сведениям Я.П.Гавердовского записанным со слов степных информаторов поколения алимулы в 1803 году, она находится будто бы на вершине сопки Бокенбай шокысы, расположенный на территории современного Ыргызского района Актюб. обл. (ИКРИ-5.С.219–220). Но в наше время какие-либо четко выраженные остатки старинных захоронений в этом месте не прослеживается, что дает основание осторожно отнестись к утверждению россиского путешественника», – дейді И.В.Ерофеева  аталмыш еңбегінің 172-бетінде. Осыдан 220 жыл бұрын Әлім ақсақалдарыңың Я.П.Гавердовскиге айтқан әңгімесінде Бөгенбай батыр шоқыда жерленді дегеніне сенбей, шоқының ұшар басында бейіттің ізі көрінбейді деп, күман келтіріп, сенімсіздік білдірушілердің есіне мына жағдайды сала кетейік: «1974-1975жылдары бұл шыңның басына телемұнара орнатылмақ болып, бірнеше метр ұшар басы қиратылады...Шоқының басынан қиратылған бос топырақ өн бойын жағалай етегін қалың етіп жапқан», – дейді облысқа аты танымал өлкетанушы Р.Ілиясова өзінің «Бөкенбай шоқысы» атты мақаласында.

Біз зерттеулерді шолып, талдап, пайымдауымыз бойынша, Табын Бөкенбай батырдың «Қаракесек құрылтайына» қатыспағаны және «Бөгенбай шоқысына» да жерленбегені анықталды.

Түйін: Шекті Бөгенбай батыр Жапалақұлы  және Табын Бөкенбай батыр туралы деректерді зерттеудің нәтижесінде Я. П. Гавердовскидің күнделігіндегі екі оқиғаларда айтылатын «Старшина Буканбай» есімді тарихи тұлға – Шекті Бөгенбай батыр екені дәлелденді.

1.«Буканбай шоқысы» мен «Буканбай таулары» – Шекті Бөгенбай батыр Ырғыз өңіріндегі қалмақтармен шайқаста жеңіске жетіп, алған жарақатынан қаза болып,  сол шоқыға жерленеді. Аталмыш шоқы мен таулар Шекті Бөгенбай батыр ерлігінің құрметіне оның есімімен «Бөгенбай шоқысы» мен «Бөгенбай таулары» деп аталады (Я.П.Гавердовскидің дереккөздері негізінде).

2. Я.П.Гавердовский, И.В.Ерофеева т.б.деректер негізінде Қарақұм құрылтайында сөз сөйлеген «Старшина Буканбай» есімді тарихи тұлға – Шекті Бөгенбай батыр екені мәлім болды.

Соңында тарихшылардың мына пікірін бергенді жөн көрдік. Қазақ ру-тайпаларының тарихы, (Әлім, Кете, Шөмекей), XIII том, 2-кітаптың 14-бетінде: «ХVII ғасырдың екінші жартысы, ХVIII ғасырдың ортасына қазақ-жоңғар соғысы кезінде ерен ерлік көрсеткен жүрек жұтқан батырлар қай ру немесе тайпадан шықса да олар нәтижесінде жалпы қазақ елінің ортақ батырлары болып қалды. Сондықтан тарихтың терең қойнауына сіңіп бара жатқан батырларымызды, ел аузындағы ауызша тарихымыз арқылы, ерте кезеңдерде жазылып кеткен деректер мен материалдар арқылы да сүзіп алып, болашақ ұрпақ алдында дәріптеу – тарих саласының ең өзекті міндеттерінің бірі» – деп таңбаланған. Дұрыс айтылған. Осы айтқандай-ақ, тарихшы-ғалымдар зерттеп, пікірлерін білдірсе, ғасырлар қойнауындағы ақиқат тарихта өз орнын алады деп сенеміз.

Аманғали Мұхамбетулин,

 өлкетанушы

         Жұманазар Асан,

 филология ғылымының

докторы, профессор

2816 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз