• Еркін ой мінбері
  • 29 Қараша, 2023

«Қаһарман ұлт» жобасы аясында қорытынды конференция өтті

Тоңдырды мені,тоңдырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы..

 Ел болу жолында еңсемізді тіктей алмай есеңгіреп қалған күніміз аз болмады. Өткен күннің жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Халық өзінің өткен тарихын бар қайғы-қасіретімен, қуаныш-сүйінішімен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауы шарт. Себебі, ол – тұтас құбылыс.Ел тарихында осындай елеулі орын алған қасіретке толы Желтоқсан оқиғасы бар...Биыл Тәуелсіздігімізбен тікелей байланысты Желтоқсан оқиғасына 37 жыл.Бір адамның ғұмырындай уақыт өтсе де бәрі кеше ғана болғандай халық жадынан өше қоймады.Біз оны Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қаһарман ұлт» жобасы аясында өткен «Желтоқсан-ұлт тарихының жұлдызды айы» атты конференцияда жиналған желтоқсаншылардың жанарынан байқадық.Толығырақ тоқталсақ,Желтоқсан айының алтыншы жұлдызында Алматы қаласының Ұлттық кітапханасында желтоқсаншылар мен ақын-жазушылардың басын қосқан көлемді конференция өтті.Конференцияға тарих ғылымдарының докторы,профессор-Хангелді Әбжанов бастаған тарихшылар,Қанағат Әбілқайыр мен Орал Арукенова бастаған ақын жазушылар,сонымен қатар "Желтоқсаншылар" ұйымы төрағасының орынбасары Аяп Ыдырыс пен «Желтоқсан қоғамы»қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Тастекеев Жүрсін бастаған желтоқсаншылар қатысты.Конференция еліміздің әнұранын шырқаумен басталып,желтоқсан жайлы естеліктермен жалғасын тапты.Өткен күннің елесін есінен шығармаған желтоқсаншылар көзіне жас алып,көңілдері босады.Жоба барысында эссе байқауынан бірінші орын иеленген №209 мектеп-гимназиясының оныншы сынып оқушысы Акишева Арай келешек ұрпақтың атынан аға буын өкілдеріне жүрекжарды тілегін арнады.Жүзден аса қала жастары қатысқан конференция кофе брейкпен жалғасын тапты.Конференция соңында желтоқсаншылар мен қала жастары желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында «Азаттықтың ақ таңы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Гүл қою рәсімі бір минут үнсіздікпен басталып,желтоқсан құрбандарына құран бағыштаумен аяқталды.Осылайша «Қаһарман ұлт» жобасы өз мәресіне жетті.

Ақын М.Шаханов «Желтоқсан көтерілісі– ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни, біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып, азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі үш жүзден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастағаны – Желтоқсан көтерілісі» деп атап көрсеткен болатын-ды. Демек, Желтоқсан оқиғасы – елді, бүкіл Кеңестер одағын елең еткізген айтулы оқиға, Қазақ тарихында мәңгі қалатын, өзіндік орны бар көтеріліс. Сондықтан елдің әрбір азаматы 16 желтоқсанның  қасіретті күн екенін жадында ұстап, әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың  ақталған күні екендігін сезінуі шарт.

Жоба жетекшісі Қамза Еркежан

2754 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз