• Ел мұраты
  • 25 Желтоқсан, 2023

Фотоөнер шежіресі

Алматы қаласындағы «Atakent-Expo» көрме павильонында «Ұлы Жібек жолымен» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі аясында «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның тұсаукесері және арнайы фотокөрме өтті. Іс-шара «Жігер» республикалық байқауының лауреаты, бірнеше жыр мүшәйрасының мәрте жеңімпазы, күйші Талап Қараштың авторлық «Абай тойы» күйімен ашылды.  Алматылық кітапсүйер қауымның жыл сайын асыға күтетін мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған кітап тұсаукесеріне «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері: Фархат Қабдықайыров, Серік Мұқышұлы, Әкбар Үркінбайұлы, Марат Жүнісбеков, Қуанышбек Қари, Оңғарбек Алхаров, Ернұр Манапхан, Мақсат Шағырбаев, Досжан Балабекұлы, Ерқанат Аманкел, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы Полиграфия колледжінің оқытушылары мен студенттері, баспа қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.   
Қазақстан Республикасы ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан журналистика факультеті баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы,    профессор Айгүл Рамазан, қазақтан шыққан тұңғыш фотограф, лирик әрі философ ақын, меценат, қоғам қайраткері Шәңгерей Бөкеевтің тікелей ұрпағы әрі мұрагері Шолпанай Аманжолова, «Дарын» баспасының директоры Жанат Бекетан және «Фотоөнер» республикалық қоғамдық  бірлестігі атынан Халықаралық Журналистер одағының мүшесі, көптеген Республикалық, халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері, ардагер фотограф Қалиғұмар Қабдешұлы мен Түркістаннан арнайы келген фотограф Мақсат Шағырбай сөз сөйлеп, пікірлерін ортаға салды.  
Іс-шараның модераторы және кітаптың бірлескен авторы Дәурен Мақсұтханұлы шараны қазақ және орыс тілдерінде жүргізіп отырды. Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов пен «Дарын» баспасының директоры Жанат Бекетан өз мекемелері атынан кітап  ісі мен фотография саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс хаттар табыстады.  
 
Энциклопедияда қазақ халқынан тұңғыш шыққан кәсіби фотографтың кім екендігі анықталған және сол фотографтың алғаш рет ресми түрде өзі түсірген фотосуреттері жарық көріп отыр. 
«Бұл энциклопедияда қоғам санасын фотография арқылы мемлекеттік мүддеге, ұлттық мұратқа, эстетикалық талаптарға жұмылдыра білген қайраткерлердің шығармашылығы және ұлттық фотоөнер тарихы жан-жақты баяндалады», – деді Асылхан Әбдірайымұлы.  
Қазақ поэзиясындағы  өзіндік орны бар ақын, өлең жазумен қатар, аңшылықпен, саятшылықпен әуестенген Шәңгерей Бөкеев осыдан 120 жыл бұрын өзінің фотоаппаратымен алғашқы фотосуреттерді түсіргені ғылыми тұрғыдан дәлелденді. «Осы уақытқа дейін «қазақтар фотоөнерді Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін игерді» деген пікірдің жаңсақтығы әшкереленді. Сонымен қатар, қазақ фотосуретшілерінің бүгінгі таңда әлемдік деңгейде және елімізде қандай жетістікке жеткенін айғақтайтын тұлғалар мен олардың туындылары алғаш рет хронологиялық тәртіппен бірге топтастырылып отыр», – дейді кітап авторының бірі Дәурен Мақсұтханұлы.  
Шәңгерей Бөкеевтің тікелей ұрпағы Шолпанай Аманжолова: «Түптің түбінде ақиқат ашылды. Соның бір көрінісі – Шәңгерей Бөкеевтің сіңірген еңбегінің еленіп, арнайы жинақ болып, қалың қазаққа таныстырылуы. Бұл фотоэнциклопедия болашақ жастарға, фотосүйер қауымға оңтайлы құралға айналмақ», – деп қуаныштан толқи жауап берді.   
Айгүл Рамазан: «Міне, араға 5 жыл салып, бұл кітаптың үшінші томының тұсауы кесілейін деп отыр. Фотоөнер журналистиканың бір саласы ретінде дамуы соңғы 15 жылда қарқын алып келе жатыр. Өздеріңізге мәлім, АҚШ-тың әдебиет, журналистика, музыка және театр саласындағы ең беделді марапаттарының бірі ретінде Пулитцер атындағы сыйлықты айтамыз. Журналистің 100 сөзбен жазатын бір мақаласын бір фотомен, оқиғаны дәл жеткізетін суреттерге беріледі. Біздің фотографтар да осы дәрежеге жетеді деп ойлаймын. Қазақ фотоөнерінің тарихын, шежіресін жасап отырған Асылхан Әбдірайымұлының еңбегі өте зор. Себебі, біз өз тарихымызды Кеңес өкіметі дайындаған кітаптары арқылы оқып келдік. Қазақ фотоөнерін әріден бастауды қолға алған жөн іс болды. Мұндай кітаптар ел кәдесіне жарасын деп тілеймін», – деп кітапты шығарған ұжымға шығармашылық табыс тіледі.    
 
Қазақ фотоөнеріне ғылыми жаңалық енгізген бұл еңбек «Фотографтар шығармашылығы», «Фотоөнер және ғылым» және «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жобалары» атты негізгі үш тараудан, сонымен қатар анықтамалық глоссарий мен библиографиялық тізімдерден құралған. Бір айта кетерлігі, бұл жинақ үш тілде, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан, фотографияға қатысты жарық көрген ғылыми еңбектер жайлы қазақ тіліндегі мәліметтер де алғаш рет топтастырылды. Жинаққа редакциялық алқаның шешімімен 18 автор еніп, оның ішінде әлемдегі үздік 10 фотографтың бірі атанған Серік Мұқышұлы, «Nikon» сынды әлемдік брендтердің ТМД көлеміндегі сынаушы-сарапшысы, халықаралық деңгейдегі кәсіби фотограф Фархат Қабдықайыров, сонымен қатар «Үркер» ұлттық сыйлығын иеленген 4 фотограф кірді. Кітап журналистика факультетінің студенттеріне, фотография саласын зерттеушілерге және фотоөнерге қызығатын көпшілік оқырманға арналған.  
407 беттен тұратын энциклопедиялық еңбек «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Дарын» баспасынан таралымы 500 данамен жарық көрді. Кітаптағы құнды фотодеректер Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қорынан және авторлардың өздерінен тікелей алынды. Кітапты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің Ғылыми кеңесі және редакциялық-баспа кеңесі мақұлдаған. Ғылыми кеңестің төрағасы – Нұржан Қуантайұлы. Еңбекке филология ғылымының докторы, профессор Кәкен Қамзин мен Дизайнерлер одағының төрағасы, педагогика ғылымының кандидаты Қамбар Көшенов пікір жазған. 
Іс-шараға кітаптың редакция алқасынан Халықаралық Журналистер одағының мүшесі, кәсіби фотограф Қалиғұмар Қабдешұлы, қазақ журналистикасының қайраткері, Халықаралық Жамбыл сыйлығының иегері, кәсіби фототілші Нұрманбет Қизатұлы, Еуразия және Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, суретші-дизайнер, баспагер-ұстаз Бейсен Серікбай қатысты.  Асылхан Әбдірайымұлы мен Дәурен Мақсұтханұлы дайындаған «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедиясы үшін «Ел жайындағы ең үздік фотоальбом» аталымы бойынша «Дарын» бас­пасы жеңімпаз атанды. 

Бағдат СҰЛТАНҚЫЗЫ
 
143 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз