• Тарих толқынында
  • 25 Желтоқсан, 2023

ЕУРАЗИЯ САХАРАСЫНДАҒЫ САҚТАР ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ ҮЙСІНДЕР ТАРИХЫ

Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің антрополог профессоры Брайан Сайкс (Bryan Sykes) ежелгі адамзаттың фоссилінен ДНҚ алып, он неше жыл зерттеу арқылы адамзаттың жүзнеше мың жылдың алдындағы митохондриял Һауа (Mitochondrial Eve) атты ананың (ол анадан тараған 36 ананың) ұрпағы екенін анықтайды. Артынан молекулалық антропологтар ерлердің генетикалық кодының Y хромосомасының сырын да сәтті ашты. Олар зерттеу арқылы қазіргі адамзаттың ортақ атасының бар екенін және оның шамамен бұдан он неше түмен жыл бұрын Шығыс Африкада өмір сүргенін анықтады. 

 

Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия т.б. елдердің зерттеушілері осы саладағы он неше жылдық зерделеу натижесін 2003 жылы Американың «National Geographic» журналында жариялаған. 2005 жылы, Қытайдың Фудан университетіндегі тіршілік колледжі (академик Жин Ли, профессор Ли Хұй қатарлылар жетегіндегі зерттеушілер ұжымы) Қиыр шығыс және Шығыс Оңтүстік Азиядан ДНК үлгілерін жинау және зерттеу міндетін мойынға алған.
Осы зерттеулерге сүйенгенде, кландар ішіндегі 13 ана африкалықтарға, 7 ана үндістандық, австралиялық және орта азиялықтарға тән. Ал еуропалықтар – осы 7 анадан тараған ұрпақтың кейінгі кезде (шамамен 10 мың жыл бұрын), Орта Азияны (Тұр) орталық еткен Еуразия сахарасынан (сақтардан) Еуропаға қоныс аударған бөлігінің ұрпағы. 
Сондықтан, Фудан университетінің профессоры Ли Хұй «Сарылардың пайда болуы және таралуы» атты еңбегінде «ДНҚ- генетикалық коды Адам мен Һауаны мифтік әлемнен алыстатып, ет пен теріден жаралған африкалыққа айналдырды. Олар – қытайлықтарды да қамтыған барлық адамзаттың ата-бабасы», – дейді. 
Митохондриялық ДНК – тек ана арқылы жалғасатын генетикалық ген, ерлер де митохондриялық ДНК-ны анасынан алады, бірақ ерлер оны ұрпағына бере алмайды. Яғни, егер әйел тек ұл туса, онда оның митохондриялық ДНК генетикалық тізбегі тоқтайды. Бұл әйел тұқымының құрығаны болып есептеледі. 
Брайан Сайкс былай дейді: «Ұзаққа созылған мұз дәуірінен соң Еуропада тек осы 7 әйел ғана өмір сүрген жоқ, оған қоса көптеген оригинал әйелдер де өмір сүрген. Бірақ олар не өсіп жетілмей кеткен, не ұрпақты болмаған, немесе тек ұл тапқан. Ал мына 7 әйел ұзақ өмір сүріп қана қоймай, әр бірі кемінде екіден қыз туған, сөйтіп митохондриялық ДНҚ генетикалық тізбегі басталып, бүгінге дейін жалғасқан»1 . 
Брайан Сайкс профессордың айтуынша, митохондриялық ДНҚ-ның өзгеруі өте қиын, мөлшермен 20 мың жылдан астам уақыттың өзінде тек аз ғана өзгереді екен. Ол тілшілерге берген сұхбатында: «Зерттеу, көп санды осы замандық Еуропалықтардың митохондриялық ДНҚ-сын, бейне қан типіне бөлгендегідей, 7 түрге бөлді. Қазіргі митохондриялық ДНҚ-сы ұқсас адамдар осыдан он неше мың жыл бұрын жасаған бір әйелдің ұрпағы екеніне сенімдіміз»2 – деген. 
Африкадан тараған неше түмен жылдық тарих үдерісінде туған, болымсыз ғана айырмашылығы бар, бұрын «нәсіл» делініп жүрген, әр жердегі адамдар тобының, яғни географиялықтардың ген картасындағы белгілері, демек адамзаттың тарихи іздерін аңғартатын генетикалық ендері (таңбалары) төменгі кестедегідей. Бұлардың ішінде алдыңғы төрт топтағы адамдар ең көбісі.

Нәсілге бөлу ғылымға жат
Бүкіл адамзат – бір жұп ата-анадан (одан өскен 36 клан анадан) тараған бауырластар. Молекулалық антропология ғылымы жөнінен айтқанда адамзатты нәсілдерге бөлу ғылымға жат. Адамзат неше түрлі «нәсіл» мен дінге, неше мың түрлі тіл мен ұлтқа, неше жүздеген елге бөлінген, бірақ адамзаттың тегі бір. Оларды нәсілдерге бөлу тек олардың сыртқы әлпетіне ғана қараған әлеуметтік ұғымның ғылыми емес салдары. Бүкіл адамзат бір анадан тарап бүгінге жеткен, қара, ақ нәсіл деп жүргеніміз тек сыртқы әлпетіне тағылған атақ ғана. Ал шынтуайтында олар арасындағы гендік парық 0.01 пайызға да жетпейді3. Қазіргі нәсілдерге бөлу шарттары (оларды терісіне, шашына, көзінің түсіне және мұрнының пішініне қарау) молекулалық антропология ұғымына қатыссыз. Экваторда жасаған адамдардың терісі ультра күлгін сәуленің радияциясынан сақтану үшін қараяды. Жер шарының солтүстігінде жасағандардың (күннен D витаминді көбірек қабылдайтындықтан) терісі ағарады. Және әр алуан жер бедері мен ішіп-жем сықылды факторлар да әсер етеді. 
Ең алғаш адамзаттың генетикалық кодының сырын ашқан АҚШ Селера компаниясының жауаптысы Уант доктор былай деиді4:«Ген картасынан ешқандай «нәсілдік» парық байқалмайды, бәріміз жүз мың жылдың алдындағы Африканың аздаған оригинал тайпаларынан эволюцияланғандармыз, адамзатта тек бір ғана нәсіл бар». Нью-Йорктегі Манхеттен солтүстік ауданы ауруханасының бастығы Фолиман бүй дейді: «Егер Сіз адамның сыртқы әлпетіндегі парық қаншалық генетикалық топ парқын көрсетеді?» десеңіз, онда мен тек 0.01 пайызға да жетпейді дер едім. Бұл жалпы генетикалық картаның өте мардымсыз бөлшегі ғана». Атланта Эмери университеті медицина иниститутындағы молекулалық генетика ғылымының профессоры Уоллес былай дейді: «Өкінішке қарай, адамзат сыртқы келбеттік парыққа төтенше көңіл бөледі, бейне біздің бүкіл қоғамымыз тек көру жүйесіне негізделгендей, «нәсілдік» парықтың мәнін көкке көтереді». 
Генетика адам топтарының ара байланысын шақтайтын өте абзал өлшем. ҚХР Фудан университетіндегі академик Жин Ли «Генетика ғылымының тарихы» атты еңбегінде былай деген5: «Ертедегі адамзаттың саны өте аз-ды. Қоныс аударып кеткен тобы, қазіргідей байланыс құралдары болмағандықтан, әуелгі тобынан айырылған. Ұзақ уақыт информациялық хабарсыз, генетикалық байланыссыз кеткен. Генетикалық ауыс-түйіс болуы үшін екі топ бірге болуы тиіс. Сөйтіп, адам топтарының генетикалық оқшаулануы белең алған. Генетикалық оқшаулану уақыты ұзарғасын, адам топтары жіктеліп, айырмашылықтар пайда болған. Мұндай айырмашылық биологиялық және бейбиологиялық ерекшеліктерді қамтиды. Кейбіреулер бейбиологиялық ерекшелікті мәдени ерекшелік деп те атайды.     
Адамдардың биологиялық ерекшелігі деген не? Оған мынадай екі мысал келтірейін: Генетикалық ерекшелекті гендік талдау арқылы білуге болады; дене-бітім жақтағы ерекшелік, мысалы қара не ақ жүзділерді, бір қарап-ақ айыру мүмкін; сырқаттық ерекшелік – адам топтарының жиі шалдығатын ауруының әр алуандығы. Ал бейбиологиялық ерекшелык мәдени, тіл ерекшеліктерін, кейін келе қосылған ұлттық ерекшеліктерді қамтиды. ... Осындай көптеген ерекшеліктер бізге талдау жолдарын ашты. Адамзат топтарының бір-бірінен ажыраған уақыты қысқа болса, оларда өзара ұқсастық көп, ал ұзақ болса, онда ұқсастық аз болады. Әрине, бұл арада адам топтары ажырағаннан кейін қайта араласпады деген болжал тұр. Біз осылайша адам топтары ара биологиялық ерекшеліктік және бейбиологиялық ерекшеліктік байланысты таразылаймыз. Адам топтары ажырағаннан кейінгі уақыттың ұзақ не қысқалығы олардағы жіктік ерекшелікті түрлі күйге түсіреді. Мұндай ерекшеліктерді келістіріп айыру үшін тіке өлшеуге келетін ерекшелікті мықты ұстауымыз және оны дәл өлшеуіміз қажет. ... Адам топтарының ара (Мысалы, ертедегі үйсіндер мен бүгінгі қазақтар ара. – С.Ж.) байланысын адам топтары ара генетикалық байлынысты өлшеу арқылы саралайтынымыз осыдан. Бұл дәл таразыны тапқандығымыз. Егер генетика ғылымы мен гуманитарлық ғылымды тоғыстырар болсақ, онда генетика ғылымын өте тамаша өлшеуіш етіп, адам топтары ара байланысты сол арқылы анықтайтын боламыз». 
Адамзаттың алғашқы ұлы көші
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталған «адамзат әр тұсқа Африкадан тараған» дейтін көзқарас әрқайсы ұлы құрлық адамдарының ДНҚ-на ұзақ уақыттық зерттеу жүргізу арқылы 20-ғасырдың 80-жылдарына жеткенде ғана тұрақтанды. Археология, генетика, молекулалық биология, тарих қатарлы салалардың зерттеуі бұл көзқарасты тіпті де айқындай түсті. 
Жүз мың жылдың алдында, жершары мұз дәуірін бастан кешкен. Ол кездегі теңіз деңгейі қазіргіден 120 метрдей төмен-ді. Теңіздің талай түбі су бетінде мұз құрсанып жататын. Сол замандағы жершарының ең жылы да аядай тұсы Африканың шығыс-солтүстігінде аман қалған аз санды адамдар тобы ғана шамалы азық-ауқат үшін арпалысатын. Ли Хұй профессордың баяндауынша, Шығыс-солтүстік Африкадағы бұл тәлейлі адамдар сол тұста-ақ алуан әлпеттті бола, әр түрлі атаға (руға) жіктеле бастаған. «Бір биеден ала да, құла да туады» емес пе?.. Бүгінгі қара, қоңыр, сары, ақ атанып жүрген жағрапиялық түрлердің алғашқы ата-тегі осылар-ды. Алайда ол тұстағы сыртқы әлпеттегі парық мардымсыз болатын. 
Кейін келе, жан саны молайып, жан бағудан туатын аналық, рулық қақтығыстың жиілеуі мен күшеюі, аядай аумаққа иін тіресе күнелту, т.б. тіршілік ауыртпалықтары олардың кей тобын Африкадан мұзы еріген тұстарға кетуге мәжбүр еткен. 
Ли Хұй профессордың түсіндіруінше, Y хромосомасындағы М168 – қазірге дейінгі байқалған ең байырғы мутация сайты (Mutation site) – жүз мың жыл бұрынғы, адамзаттың Африкадан аттанғандағы мутация сайты (шұғыл құбылу түйіні). Ол кездегі адамдар осы мутацияны алып шар тарапқа тараған. Қазіргі африкалық адамдардан сырт бүкіл адамзатта бұл мутация сақталуда. «Бұдан тағы неше түмен, неше мың жыл өткесін адамзаттың Y хромосомасындағы генде М168 негізіндегі М130 және М89 екі реткі мутациялық тұрпат (алдыңғысы 80 мың жыл бұрын, кейінгісі 4-5 мың жыл бұрын) туған. Адамзаттың бұл тобы содан Солтүстік Африка арқылы Еуразия құрлығына өткен». Ең алғаш шыққандар қоңыр адамдар тобы екен. 
Академик Жин Ли «Генетика ғылымының тарихы» атты еңбегінде, «Адамзаттың генетиктер назарындағы көшу тарихы қалай десеңіз, ол өте қарапайым. Осы замандық адамзаттың түп-тұқияны Шығыс-солтүстік Африкада аман қалып өскен. Сосын, дүниенің әр жеріне таралған. ... Бірінші бөлігі Африкадан шығып Орта Шығысқа жеткен. Артынан, бұлардың бір бөлегі Үнді мұхитын жағалап шығысқа тараған. Ал бұлардың енді бір тобы солтүстікке және батысқа беттеген. Шығысқа тараған тобы қазіргі азиялықтардың ататегі, солтүстікке тарағаны еуропалықтардың ата-тегі. Біз көріп жүрген сары мен ақ, т.б. атанғандар – осылардың ұрпағы», – дейді. 
Академик Жин Лидың зерттеуін негіз ете, нақтылай талдасақ, ата-бабаларымыз Солтүстік Шығыс Африкадан шыққасын, араға мыңдаған, түмендеген жылдар салып үш бағытта жалғасты көшкен. 
Бірінші топтағылар Солтүстік Шығыс Африкадан аттанып Африканың батысы мен оңтүстігіне тараған. Бұлар жаратылыстық орта мен тұрмыс тіршілгінде зор өзгеріс болмағандықтан арғы ата-тегінің өңін негізінен сақтаған. 
Екінші топ 100-70 мың жыл бұрыннан бастап, Солтүстік Шығыс Африкадан шығып Азияға (Орта Шығысқа) өткесін екі бағытқа бөлінген.
Бір бөлігі, 70 мың жылдың алдында, Оңтүстік Азияның теңіз жағалауымен шығысқа тартып, сарылар атанып жүргендерге (М122) ата-тек болған. 
Протоқытайлар 60-50 мың жылдың алдында Қытай оңтүстігіне келіп, одан бірте-бірте (түмен жыл бұрын) Чаңжияң-Хуаңхы бойына тараған. Ал бұларың ішіндегі және бір дүркінінің Океанияға баруы кейінгі процес. 
Сары делініп жүргендердің ата-тегінің Африкадан шыққан уақыты қоңырлар ата-тегінен неше он мың жыл кейін. Бірақ, олардың таралу жылдамдығы өте тез болған, олар қоңыр нәсілділер жұмсаған уақыттың бестен біріндей ғана мезгілде Шығыс Оңтүстік Азияға жетіп алған. 
Доктор, профессор, докторант жетекшісі, Жыжияң университеті медицина институты бастығының орынбасары Кы Иөхай алған 12 мың қытайлықтың үлгісінен 11311 үлгі жоғарыда аталған М89 сайтында мутацияланған. Ал бұл мутациялық белгі сарылар Оңтүстік Шығыс Азияға барғанда-ақ қалыптасып үлгерген және бұлар ұзақ уақыт сол арада тұрған. Кейін Қытай аумағына таралғандар қазіргі хән ұлтына айналған. 
Ал екінші топтық (Орта Шығысқа келген) ұлы көштегі тағы бір бөлік солтүстікке біртіндей беттеп, Орта Шығысты мекендеп, одан Орта Азияны орталық еткен Еуразия Ұлы Даласына тараған. Ертедегі тарихшылардың сақтар, ал бүгінгі тарихшылардың қазақ, т.б. ұлттарға ата-тек деп жүргендері міне осылар. Арғы заманда ақпарат алмасу мүмкіндігі өте әлсіз болғандықтан, ол кез ғалымдарының баяндарына сергектікпен, сыни көзқараста болу аса қажет. Мысалы, Сыма Чянның «Тарихи жазбаларында» тек Іле аңғарындағы аз санды халықты ғана Сақ (Сәйжоң) деп білген. Ал, Геродот сықылдылар одан әлдеқайда кең аумақты сақтарға тән санап, сақтарды әлде неше топқа айырған. Іс жүзінде алғашқы Еуразиялық Ұлы Дала сақтары Орта Шығыста қалғандардан онша алыстай қоймаған, әрі Іле маңында ғана емес, әрі тым көп топқа жіктеле де қоймаған-ды.
Картаға көз жіберсеңіз, ол кезде Еуропа құрлығының иен жатқанын байқайсыз. Өйткені ол кезде Орта Азияны орталық еткен Ұлы Далаға келген адамдар саны аз, олардың таралу, көшу жылдамдығы да баяу-ды. Оның үстіне ол кезде Еуразиялық Ұлы Даланың солтүстігіндегі мұзарттар толық ери қоймаған, өзендер айдыны топан-судан көз ашпаған, адамзаттың сумен қатынасы да дамымаған болатын. Сондықтан да Еуропаға әлі бара қоймаған еді. Ал Еуропаға көшу ұлы далалықтар ішіндегі бір топтың одан кейінгі он неше мың жылдан соңғы қимылы. Жоғарғы картадағы Сібір мен Қиыр Шығыс маршрутында аталған ұлы көштен неше он мың жыл кейінгі әрекеттің ізі деп білемін.
Еуразия сахарасына алғаш аттаған сақтар
Африкадан аттанып, мыңдап жыл Орта Шығысты мекендегендердің бір тобы суық пен сулы терістікке өре көшіп, Орта Азияны орталық еткен Еуразия Ұлы Даласына тараған және сақтар атанған дедік. Әрине, он мыңдаған жылдық ген мутациясы мен сыртқы әлпеттік өзгеріс оларды қарадан қоңырға, аққа өзгерте бастаған. Әсілі адамзаттың өзге топтарымен жерлес, төркіндес, түрлес, ұқсас бұлар, кейін келе сан тайпаға бөлінсе де, тарихшылар тарапынан сақтар деген ортақ ат алыпты. Жағрапиялық қонысы мен туыстығы ең жақын персиялықтардың бұларды Сақ атауын ең дұрысы санауға тиістіміз. Парсылар Иран үстіртінің солтүстігін – Тұр өңірін мекендеген көшпенді рулардың бәрін Сақ деп атаған. 
Венгрия ғалымдарынан Освалд Цемерени сықылдылар сақ деген ат садак сөзінен шыққан дейді. Тарихшылар мен археологтардың тұспалдауынша, садақ сақтардың жиі қолданатын және ат үстінде шебер ататын қаруы болған. Сақ пен садақ «сағдақ» сөзі арасында этимологиялық байланыс расында да бар. Сақпан жайлы да айтарымыз сол. 
Ресми тарихи жазбалар б.з.д. 3 ғасырдан бұрын біртұтас Сақ мемлекетінің болғаны туралы мәлімет бермеген. Мөлшері сақтар алғашында ру-тайпалық одақтар түріндегі ұлыстарға ғана біріккен сықылды. 
Ең ертедегі тарихи жазбалардың кемінде мына үшеуі сақтарды ауызға алады: 
Бірінші, Қытайша ежелгі тарихнамалар. Мысалы, Қытайдың 21 ғасыр бұрын жазылған «Тарихи жазбалар» сияқты әйгілі кітаптары. Бұлардағы «Сайкүн» (қазіргіше, Сай Жоң), т.б. (塞种人,塞人,萨迦, 铄迦, ...) дегендер – парсыша «Сака» дегеннің дыбыстық аудармасы. 
Қытайша байырғы тарихи жазбалар сақтарды негізінен көшпелілер тобы санап, тек аз сандысы ғана жағдайы бар тұстарда ауыл шаруашылығымен шұғылданады, тары, арпа, бидай егеді дейді. Іс жүзіндегі сақтар көшпенділігі (алдыңғы ғасырлардағы қазақтар тұрмыс-салты сықылды), тұрақты мекенсіз де емес, меншікті жерсіз де емес, кең аумағынан еркін де үнемді пайдалану – төрт маусымда белгілі жайлау, күзеу, қыстау, көктеулігінде ғана, шөптің шүйгінін, судың тұнығын қуу негізіндегі жартылай отырықшы, жартылай көшпенді болған. Тайпалар арасындағы қақтығыстар орнықты аумақ меншігі мен тұрақты көшу маршруттары болғанын аңғартады.
Б.з.д. 7 ғасыр алды-артында, Орта Азияны (Тұр өңірін) орталық еткен Ұлы Даладағы көшпенді рулардың әуелгі комуналық құрылымы ыдырап, алғашқы мемлекеттік форма бірте-бірте қалыптаса бастаған. Қытайдың ертедегі тарихи жазбаларында жиі кездесетін «Сақ ханы» («塞王») дегендер сақтар елінде де құлдық түзімдегі мемлекеттілік орнағанын білдіреді. Тарихи жазбалардан сақтардың қыстан өзге уақытта сырты цилиндр пішінді, іші керегелі, жиюға да, керуге де ыңғайлы, қажеті түскенде арбаға тігуге де болатын ағаш қаңқалы киіз үйлерде тұратынын, ал қыста қиюластырылған бөренелі немесе лай жапсырылған шарбақты үйде отыратындығын білеміз. «Тарихи жазбалар» мен «Ханнамада» сақтардың ұрпағы ғұндардың, үйсіндердің де тұрмыс-тіршілі осылай суреттеледі (б.з.д. 2 ғасыр соңында Үйсін Күнбиіне ұзатылып келген Хан әулетінің қағанкесі Лю Шижүннің хатындағы жырға қараңыз). Әрине бұлар бергі қазақ халқының тұрмысына ұқсап тұр. 
Екінші, ежелгі грек тарихи жазбалары. Мысалы, ежелгі Грецияның әйгілі тарихшысы, б.з.д. 484 –425 жылдарында жасаған Геродоттың «Тарих» атты еңбегі мен б.з.д. 58 – б.з. 21 жылдары өмір сүрген Страбонның «география» атты еңбектерінде Сакае тілге жиі алынған. Зерттеушілер Сакае дегенді «географиядағы» массагеттер деп біледі. Жазбаларда «Массагеттерді соғысқа батыр да шебер, күшті тайпа деседі. Олар күн шығатын тарапта тұрады» деп баяндалады. Ал «тарих» кітабында «олар Араxас өзені мен Исседон тайпасы жасайтын өңірде тіршілік етеді», – деп жазылған. 
Тарихшы Шадыман Ахметұлы «Бас – Мас» сөздерінің мағынасы бірдей, бұрынғы және қазіргі түркі тілдерінде Б мен М ауыса береді. Бұны, мұны дегендер сияқты. Бас пен Мас «басты» және «үлкен» деген мағынаны білдіреді, ал Массагет деген Бас Саг – үлкен сақ, ұлы сақ дегендік дейді. Көптеген тарихшы ғалымдар Исседонды Үйсінге телиді. Ал бұл тарихшылардың жазбаларында да олардың тұрмыс-тіршілік әдеті Қытай тіліндегі тарихи жазбалармен ұқсас. Бұл арадағы Араxас дегені Арыс не Сыр дариясы шығар. 
Үшінші, Парсы (Парфия) тарихи жазбалары. Қазірге дейін сақталған Парсы Ахменид әулетінің Бехистун инскрипциясында «Сака» тілге көп алынады, әрі «Олар теңіздің (Арал не Каспи болар. – С.Ж.) ар жағында тұрады, шошақ төбелі бөрік киеді» деп жазылған. Парсының сына жазумен кертілген тарихи мәліметтері ертедегі сақтардың Қара теңізден Ауғанстан мен Пәкістан шекараларына және Алтайдан Алатауға дейінгі ұлан байтақ сахарада қоныстанғандығын білдіреді. 
Бұлар ежелгі Үйсіндердің де осы өңір ішінде өмір сүргенін еске салады. 
Ертедегі парсылар Еуразия Ұлы Даласындағы сақтарды үш топқа жіктейді: 
Біріншісі, хаомо ішімдігін жасайтын сақтар. Бұлар Орта Азияның Ферғана ойпаты жаққа таралған. 
Екіншісі, шошақ төбелі тымақ киетін сақтар. Бұлар қазіргі Қырғызыстан, Қазақстанның кең байтақ сахарасына және Памир, Тяньшань, Алтай таулы өңірлеріне, Сыр, Талас, Шу, Іле өзендерінің аңғарларына, Балқаш көлі маңына таралған. Герододтың еңбегінде сақтар кемінде бес топ делінген әрі олардың шалбар және шошақ төбелі тымақ киіп, садақ асынып, ай балтасын қолына алып жүретіндерін де тілге тиек еткен. 
Үшінші, теңіздің аржағындағы сақтар. Олар Әмударияның солтүстігін, Арал теңізінің оңтүстік шығысын, Соғдияна өңірін мекендеген. 
Төменгі картадан сақтар жасаған Скифияның (Сcythіа) тек Шығыс Солтүстігінде (Еуразия сахарасының оңтүстігінде) ғана Түрік тайпалары жасаған, үйсіндер оларға іргелес деп көрсетілген. Бұл да сақтардың бұл жаққа келгеніне ұзақ болмаған, адам санының да аз кезін білдіреді. Жоғарғы және төменгі екі картадағы шошақ төбелі тұмақ киген сақтар (Тиграхауди), Үйсіндер (Усун) және түрік тайпаларының (Turkic tribes) іргелестігі назарымызда болуға тиісті. 
Еуразия даласына тараған сақтар генінің көпшілігі ақ аталып жүргендердің гені (мысалы, Р1а – Үнді-Еуропа шығыс бөлек гені мен Р1б – Батыс Еуропа/Үнді-Еуропа батыс болек гені ). Бұларда қоңыр атанғандардың да гені бар. Мысалы, C – М130. Қоңыр атанғандар тегінде теңіз жағалауында тіршілік ететін халық. Бұлар алғашында теңіз жағалай аттанып, сосын Араб түбегінен тартып – Иран – Үнді – ... бағытында ауған. Одан кейін, бұл C – М130 генділер ұрпағы екіге бөлінген. Бір бөлігі НО.1 солтүстікке - Сібірге тарап, артынан Солтүстік Америка құрлығына барған. Ал енді бір бөлігі оңтүстікке – Австралияға аттанған, одан бірте-бірте Тынық мұхит аралдарына тараған. Қазір C – М130 генділердің ұрпақтары Үндістанның оңтүстігінде, Солтүстік Азияның шығыс бөлігінде, Жапонияда, Солтүстік Американың батыс бөлігінде, Австралияда, Тынық мұхит аралдарында. 
Ақ және қоңыр атанғандар генінің Моңғолиядағы (бұрынғы түріктер, ғұндар мекеніндегі) ежелгі мүрделерге сәйкес пайызы да өте жоғары (шамамен 58 пайыз). Олар Һұндар (Ғұндар) патшалығынан тартып Шыңғысхан кезіне дейін (кейін келе Қазақ сықылдыларды құраған) Жалайыр, Қоңырат, Меркіт, Керей, Найман, т.б. тайпалардың ата-тегі. Бұл геннің қазіргі Қазақ, Қырғыз, Бурияттармен ұқсастығы да 60 пайыздан жоғары. Бұлардың гені C3 – М217 тұрпаттағы ген. М130 генінің басқа тұрпаттары да бар. Мысалы, Жапониядағы Айну адамдарының 90 пайыздан астамында C1 – М8 гені бар. Еуразия сахарасына тараған сақтардың генінде суретте көрсетілгендей М9, М17, М45, М173, М242 қатарлыларға үздіксіз өзгерістер туып отырған. 
Парсылар кезінде Орта Азияны кіндік еткен Ұлы Дала халқын – Тұр аумағындағы адамдарды Тұран деп атаған. Бейне Америкадағыларды американ, индиан деген секілді. Меніңше, Түркі (Түрік) деген атау Тұр дегенге байланысты. Тұрандар туралы көптеген аңыз әңгімелер және жазба деректер бар. Персияның әйгілі ақыны Филдосидің (Фирдоуси, 940-1020 ж.ж.) «Падишалар» («Шаһнама») атты шығармасында былай деген: «Парсатты патша Фаридонның үш ұлы Сәлім, Тұр және Ираж екен. Фаридон үш ұлына Иемен ханының үш қызын алып беріпті. Фаридон балаларына патшалық аумағын бөліп, Римдықтарды Сәлімге, Тұранды (Әмудәрияның солтүстігіндегілерді) Тұрға, дүние ортасы Иранды Иражға еншілепті. Екі ағасы әкесінің бөлісіне разы болмай, інісі Иражды қастандықпен өлтіріпті». 
Тұр билеген халықты парсылар Тұран (Тұр – ан) деп атаған, яғни Тұр аумағында тұратындар деген. Сондықтан, жергілікті халықтар өздерін тұрлық, түрлік деп атасқан. Кейінгі тілдік құбылулардан Түрік (Turcik) қалыптасқан. 
Генетикалық зерттеулерге қарағанда, Тұр аумағын орталық еткен Еуразия сахарасындағы сақтардың (ақ және қоңыр атанғандардың) азы ғана 30-40 мың жылдың алдында Еуропаға қоныс аударған. Еуразия сахарасында қалған Сақтар (Үйсіндерді де қамтыған, ақ және қоңыр атанып кеткендер) кейін келе шығыстағы сары атанушылармен араласып, будандасқан, метистенген. 
Қазірде, қазақты қамтыған ұлы далалық ұлттардың тілдерінде сақ деген сөз аз емес. 
Қазақтың әйгілі ақыны, тарихшы, философ, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы да өзінің 1911 жылы Қазан қаласында жарық көрген кітабында6 қазақтың арғы тегі сақтар екенін айтқан. 
Түсініктемелер: 
1.Ли Хұй профессордың ‹‹Осы заман антропологиясы›› атты лекциясы, «Фудан»N 1041, 2015. 9. 24; 2.2017ж. 3. 
2. Ангелияның ‹‹Күнделік экспресс›› айдарынан. 
3.‹‹Еуропалық, америкалықтар мен азиялықтардың генінде қаншалық парық бар››. https: //zhidao. Baidu. Com/question/. https://zhidao.baidu.com/question/245009274698082044.html. 
4. У Итиң. ‹‹Адамзаттың көшу траекториясы››, Шаңхай, соу гөу текшесі. 
5. Унхұй газеті, 2017.7.10, Фудан уениверситеті. Жин Ли академик. ‹‹Гендік тарих» ( лекция›).
6. Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» 1911ж. Қазан қаласы.

****
Ежелгі үйсіндер туралы не білеміз? 
Ал енді ежелгі үйсіндер тарихына тоқталатын болсақ, бұл тақырыпты зерттегеніме 40 жылға таяды (авт.-С.Жанболатов). Бұл үдеріс үш кезеңнен өткен. Алғашында, «Үйсін хикаясы» атты тарихи трилогия жариялап, ертедегі Үйсін мемлекетінің 200 жылдық өмір-салтын проза арқылы суреттедім. Екінші кезеңде, «Ежелгі ұлыс тарихы» атты ресми кітап жариялап, протоүйсіндер мемлекетінің екі ғасырлық тарихын баяндадым. Ал бергі кезеңде, протоүйсіндер мен бүгінгі қазақтар (соның ішіндегі Ұлыжүз Үйсін) арасындағы туысқандыққа күмән келтіретін пікірлерге қазақ және қытай тіліндегі еңбектермен қарсы дәлелдер келтіріп жүрмін. 
Орыстың шығысты зерттеген тарихшысы, антропологі Николай Аристов1: «Үйсін-ау, ана ағат тұспалдар мен мөлшерлер басыңнан айықпай-ақ қойды-ау» деп өкінген екен. Ал қазір заман өзгеріп, ғылым дамып, адамдар дүниеге ғылыми көзқарас орнатып, ғылым мен идеологияның, тарих пен саясаттың шекарасы айқындалған, тарихи мағлұматтар мен деректер қайтадан мұқият зерделеніп, жаңсақтықтар мен қателіктерге түзетулер, тойтарулар жасалған, протоүйсіндер туралы ағат тұспалдар мен қате мөлшерлердің көбі түзетілген болса да, Үйсін туралы ілім әлі де жаңсақтықтан толық айыға қойған жоқ.
Мысалы, кейбір зерттеушілер «Үйсін» сөзін ертедегі Қытай диалекттері негізінде оқып қате түсіндіреді, ал кейбірі ежелгі Үйсінді тұқымы қалмаған ру-тайпалар ретінде қарайды, ал енді біреулері шындыққа жанасымсыз «моңғолдардың Усүн руы» дегенді жасап, «Қазіргі Қазақ ұлтының Үйсін руы– еліміздің Лияу2, Сұң3 патшалықтары тұсындағы Моңғол сахарасындағы Каң айшанның4 батысын мекен еткен көшпенді Усын ру-топтарының ұрпақтары5» деседі. 
Мақала ежелгі үйсіндер мен қазіргі қазақтар арасындағы қандастық байланысты генетика, т.б. тұрғыдан дәлелдеп, қате көзқарастарға тойтарыс береді.
Eжелгі үйсіндердің тілі
Ғалымдар Орта Азия мен Тәңіртау (тянь-шань) өңіріндегі ежелгі үйсіндерге тән антропологиялық деректерді зерттей келе, ежелгі үйсіндердің антропологиялық типінің негізі еуропалықтарға (ақ нәсілділерге) жататынын анықтаған. Орыс ғалымы Радлов, Жапон ғалымы Ширатори Куракичи, Қытай ғалымдары Су Бейхай, Хоң Тау, Уаң Жылай, Уаң Миңжы, Жақып Мырзахан, Жақып Жүніс, Қазақстан ғалымдарынан Кемел Ақышов, Зардықан Қинаят, Мәмбет Қойгелді, Нәбижан Мұқаметхан, Бақыт Еженхан, Тұрсынхан Зәкен, т.б.осы көзқараста.
Ғалымдар арғы замандағы Ұлы Дала тұрғындарының тілін балаң санайды. Африкадан келген топтардың аралас тілі, бөліну алдындағы тіл екендігін, сондықтан да олардың тілін дәл қазіргі тілдерге ұқсатып, нақтылап атауға келмейтінін алға тартады. Осындайда парсылардың тілінде түркілердің, түркілер тілінде парсылардың талай сөзі жүргені еске оралады. Осы негізде, тілдік бейімділік болғанын ғана айту жетерлік.
Зерттеушілердің көбі мына факторларға қарап ежелгі үйсіндер тілін Түркі тілдер тобына толық бейім санайды: 
1. Ежелгі үйсіндер мен прототүркілердің мемлекет құрған кездегі ата-бабаларына қатысты аңыздар ұқсас әрі бәрі де ортақ тотемдерге (көк бөрі, қарға, аққу сияқтыларға) қатысты. 
2. Ежелгі Үйсін елінің патшасы«Күнби» деп аталған және мартебелі ақсүйектерінің есімі өңшең «ми» (қазіргіше «би») арқылы ақырласқан6. Бұл арадағы «күн» дегеніміз Түркі тілдес халықтарда (Қазақ тілінде де) жарық көзі болып тұрған ұлы планета әрі олар бұрын тәу еткен обьект. Ал «ми»= «би»7 деген қазірге дейін Түркі тілдерінде (мысалы, қазақшада) бар мансап, мәртебе атауы. 
3. Прототүріктердің билік ұстаған тектілері ежелгі үйсіндердің ұрпақтары, ежелгі Үйсіннің Дулу (қазіргі Ұлы жүздегі Дулат) руының арғы ата бабалары. 
4.Ежелгі үйсіндер қоныстанған өңір – кейінгі Түркі ұлттарының өскен өңірі. Орта Азияның тарих зерттеушісі Уаң Жылайдың пікірінше, «кезінде Қазақстан өңірін мекен еткен тайпалар үйсіндер және оған солтүстік іргелестер еді. Олар Түркі тіліндегі халықтар болатын»8. 
5.Шығыс пен батыстың ертедегі тарихшы ғалымдарының баяндауынша, ежелгі үйсіндердің тұрмыс тіршілігі қазіргі қазақ, қырғыздарға қатты ұқсайды. 
6.Ежелгі үйсіндердің тілі Түркі тілдер тобына жатпайды деп қасарысушылар, кемінде олардың ұрпақтарының кейінгі Түрік қағанаты кезінде түріктерге ассимиляцияланғанын мойындауға мәжбүр. 
7.Қандастықты зерттеуші ғалымдардың «Қытайдағы әр өңірдегілердің қандастық қатынасы: Сіз кімнің ұрпағы екеніңізді көріңіз» атты мақаласында «Қазақтар ежелгі үйсіндер мен түркілердің будандасқан ұрпағы» дегенді мойындаған. 
8. Үйсіндердің көп тотемінің бірі – қарға. Ал қазақтар өздерін «қарға тамырлы қазақпыз» дейді және жақсы көретін жақын балаларын «қарғам, қарғашым, қарғатай» деп еркелетеді. Бұл б.з.д. 2 ғасырда Елжау күнбидің әкесі Нәндіби жау қолынан қаза болғанда, Елжауды «баққан» бөрі мен қарғаға тәу етуден бүгінге жеткен ықпал.
Жинақтай келгенде: Алдымен, мың жылдың алдындағы (М.Қашқари кезіндегі) көне түркі тілі мен қазіргі қазақ тілінің парқы дардай болып тұрғанда, ежелгі үйсіндер тілі мен қазіргі қазақ тілінен толық жақындық талап ету қисынсыз. Қисындысы ұқсастықтар табу. Оны айттық. Едігі міндет – «Үйсіндер Қазақ ұлтын құраған басты тайпалардың бірі» дегенді, тарихи деректерді және археологиялық қазбаларды зерттеу арқылы дәлелдеу. 
Eжелгі үйсіндер құрыған жоқ
Адамзат тарихында өзгерген, өзгеге сіңген не құрыған т.б.себептен тарих сахнасынан түскен яки тарихнамалардан өшкен топтар мен рулар аз емес. Бірақ, олардың бәрін ұрпақ қалмаған, яғни тұқымы құрығанға жатқыза салу, өзге ниет болмаған күнде, жауапсыздық, немқұрайлық саналар еді. Екі мың жылдың алдында шыншыл тарихшы, жазушы Сыма Чян «тарихи жазбаларында» батыстағы ең ірі де күшті ел санаған, мемлекет шаңырағын алғаш көтерген кездің (б.з.д. ІІ ғасырдың) өзінде миллионға тарта адамы бар ежелгі үйсіндерден ұрпақ қалмауы мүмкін емес. Ежелгі ру тайпалардан хатқа түспегендері де толып жатыр. Бірақ, тек кей жазбаларда аты басқаша аталған не Үйсін дегеннің орнына өз ішіндегі руларының (мысалы, Албан – Иөбән, Дулат – Доулу) аты көтерілгені болмаса, үйсіндер туралы жазбалар тарихта толастап көрген емес. Демек, ежелгі үйсіндер құрымаған, қайта өсіп-өнген. Бұған ол жайлы тарихи деректерді тәптіштеп оқыған, мұқият зерттеген және тарихқа тәуелсіз де шыншыл ұстаныммен келген ғалымдардың бәрі сенеді.
Шығыс Хан әулетінен (б.з. 25-220 жж.) соң, үйсіндер туралы хәнше (қытайша) жазбалардың азайғаны рас. Бірақ, азайғаны оның құрығаны емес, тек хаттаушы тараптың үйсіндермен хабарласу орайының азайғандығы. Іс жүзінде Үйсін (乌孙) өткен ғасырға дейін Қытайдың ресми тарихи жазбаларынан орын алып келді. Ендігі сөзді соған бұрайық: 
1.Батыс өңірде халық саны миллионға таяу күшті ел саналған Үйсін мемлекеті б.з.д. І ғасырдың соңына келгенде, сыртқы ықпал мен ішкі алауыздық салдарынан үлкен Күнбилік (хандық) пен кіші Күнбилікке ыдырады. Бән Гу «Хәннама. Батыс өңір баянында» жазғандағыдай, ыдыраған екеуі де барған сайын әлсірей берді. Бұған, ішкі берекесіздіктен сырт, Хән әулеті мен Ғұн қағандығының әсері де аз болмады. Екі үйсін де бұлардан іргесін аулақтады, байланысын солғындатты және өзара шайқасып та тұрды. Бірақ, ыдыраған Кеңестер Одағының халқы құрымағаны сияқты, екі Үйсіннің де халқы өсе берді.
2.«Уйнама. Батыс өңір баянында» жазылуынша Уй әулеті кезінде (220-266 жж.) «Үйсіндердің әулетке сыйақы әкелмеген жылы жоқ». 
3.Б.з. V ғасырына дейін Үйсін елі мен Қытай хандықтары арасында барыс-келіс толастап көрмеген. Мысалы, «Солтүстік тарихы» атты  кітаптарда, Солтүстік Уй (386-534 жж.) елінің Доң Уан, т.б. елшілерінің Үйсін мемлекетіне барғаны, оларды үйсіндердің құрметтеп күткені және сапарына көмектескені жазулы тұр9. 
4.Қытай жұртындағы Уй, Жин, Оңтүстік-Солтүстік хандықтар шайқасқан кездің (220-589 жж.) басында, Үйсіннің кіші күнбиі билеген елде Иобан (Албан, 悦般,Yueban, Alban,阿勒般) атты әкімият шаңырақ көтереді. Ал, қытайша Иобан деп хатталған тайпаның Үйсіннің бұтары екеніне дау жоқ және осы албандар ұрпағы қазіргі қазақ ұлтында сол атымен үлкен ру болып өмір сүруде.
5.Тарихта, Албан елі (арғы Үйсін мемлекетінен бөлінген кіші күнбиліктегі шаңырақтың жаңа иесі, екіге ыдыраған Үйсін елінің басын қайта қосуды армандаушы үйсіндер) Роуран қағанатымен (402-414 жж.)тізе қосып, ұлы Үйсін еліне шабуылдайды, ұлы Үйсін ордасы Батыс Тәңіртау қойнауына (Сырдария жаққа) сырғиды10. 
6.Қытайдың тарихи жазбаларында, бесінші ғасырдың басы мен орта мезгілінде Үйсіннің Памирге қоныс аударғаны, кейін сақтарға ассимиляцияланғаны, өз алдына мемлекет болудан қалып, тарихнамалардан өшкені айтылады. Әрине, мемлекеттіліктен қалу да, қытай тарихнамаларына ілінбеу де тұқымы құру емес. Қытайдың кей тарихшы ғалымдары ол көшкендерді ұлы күнби қарауындағы елдің ордаға ерген бөлігі ғана санайды әмбе көбі Сыр бойына көшкен, сондағы сақтармен араласқан деп есептейді. Сыр жақтағы сақтар Ұлы жүз (Иөшы, Ulijuz) болуға тиісті. Қазіргі қазақ үйсіндері өздерін әлі де«ұлы жүз үйсінбіз» деседі. 
7. Қытай тарихи жазбаларында «Үйсіндер батысқа ауғанда, бір бөлім үйсіндер өз жұртында қалып қойған» деу де бар. Бұл ұлы Күнби ордасына ерген үйсіндер батысқа (Сырдария бойына) көшкенде, жұртында қалғандар мен кіші Күнби билегендер (Албан-Yueban-Alban тайпасын негіз еткендер), кейінтінде тарих саханасына Дулат (Доулу), Түркеш (Сарыүйсін) атымен шыққандар секілді. Түркі қағандығының арғы аталарының бірі де Нандұлат11.
8. Тарихи жазбалар12 714-жылғы уақиғаны баяндағанда «Даюан (Пәрғана) дегеніміз ежелгі Үйсін мемлекеті» деген. VIII ғасырдың бас шенінде (706-738 жж.) Түркеш қағандығын Сақалмен Сұлу қағандар биледі. Түркеш қағандығы ұланғайыр сахараның орта бөлігін еншіледі. Сол тұста олар Даюан өңірін де билеген, әрі Батыс Түркі қағанатының ең күшті бір бөлігі болған. Арғы үйсіндердің ұрпағы13 Сарыүйсіннің Түркешаты (қазақшада) «Кіші Түркі» мағынасын білдіреді. 
9.Лияу (Қарақытай) әулетінің алғашқы Хұйтоң жылында (938 ж.) Лияу ордасына тарту апарған хандықтар мен тайпалар тізімінде де Үйсін бар14. 
10. Лияу тарихнамасында Лияу әулетіне (Қарақытай. 907-1125 жж.) әскери көмек көрсеткен хандықтар мен тайпалар тізімінде де Үйсін мен Меркіт тұр. 
11. 1263 жылы, Моңғол қағаны Мөңке ханның бұйрығы бойынша, інісі Құлағұ қағанды іздеп барғандардың естелігінде «біз 200 ли жүріп Үйсінге жеттік» деген сөз тұр. 
12. Ұзақ сөзді қысқарту үшін мына фактіні де қойып қалуға мәжбүрміз: Шинхай (Доңыз жылы) төңкерісінен (1911ж.) кейінзиялы қауым ішінде Қытайдың болашағы туралы әр алуан саяси тұспалдар, жоспарлар, пікірлер болған. Солардың бірі алып Федерациялық мемлекет құру болатын. Олардың (Тайвань информация сайтынан алынған) мына картасының ішінде де Үйсін тұр.

«Ұзын» деген «иүсын» да, «үйсін» де емес
Кей оқымыстылар «Моңғолдың У Сүн (兀孙) тайпасы» дегенді көтергелі, назарымыз соған ауған. Бірақ, ұзақ жылдық зерттеулерімізге сүйенсек, тарихта мұндай моңғолдық тайпа мүлде болған емес. Болғаны – өзге мағынаға қолданылған хән әріптері У Сүн (兀孙). Мына фактілерге қараңыз:
У Сүн (兀孙) деген өзен, дәрия дегендік. Мысалы, «Дала империясы»15 атты кітаптің «Моңғолдың құпия шежіресі» атты тарауында «Дәрия аты – Арық өзен дегеннің мағынсы таза су» (“河名 - 阿里黑兀孙的意思是纯净水”) деген сөйлем тұр. Мұндағы «арық» (阿里黑) – түркі (м. қазақ) тіліндегі Ару, Арық (саф) дегендік. «У Сүн (兀孙)» дегені Алтай тілдер тобындағы, әсіресе қазақ тіліндегі өзен сөзінің ханзуша таңбалануы.
Сол арада тағы «Алан Қоға атты қыз Арық өзен бойында туды» (“在阿里黑兀孙地面里生了这阿阑豁阿名字的女儿”) деген сөз де тұр.
У Сүн (兀孙) деген тарихи тұлға атына да қоланылған.
Бірінші, «Дала империясы» атты кітапта «... Меркіт Тайыр, Ұзын екеуі аз адам ертіп...» (“…. 蔑儿气惕人答亦儿兀孙两人带着少数人……”) деген бар. Мұндағы Меркіт – Шыңғысханмен көп шайқасқан қазақ тайпасы. Тайыр Ұзын (答亦儿兀孙) – адам аты. Бойшаңдығынан Ұзын лақабы қосылған шығар.
Екінші, Б.Я.Владимирцовтың16 «Шыңғысханның өмір баяны» атты кітабының «Бүкіл Моңғол ұлтының патшасы» атты 7 тарауында мынадай сөйлем тұр:«Шыңғысхан өзінің аскери және әкіми құрылымын кемелдендіру үшін «бек» (别乞)17 лауазымын орнатты. Бұл іс жүзінде патшалықтың ең жоғарғы шайхы (монах,僧侣) еді, ақсүйектердің шамандық, вулгарлық құқықтарын біріктірген киелі лауазым-ды. Шыңғысхан Тайыр Ұзынды тұңғыш моңғол бектігіне тағайындады. Өйткені Тайыр Ұзын (兀孙) атты тұлға байырғы шежіреше Бөрітегін (Borzigin Temuzin)18 ұрпақтарының ішіндегі аға тайпа тұқымы әрі Бағалин19 руының ақсақалы еді. Өзімен аталас туыстығы бар-тын. Жұрт оны ата тегіне уәкіл санайтын. Шыңғысхан оған: «Ұзын! сен Бағалиннің ақсақал ұрпағысың, сен бек бол, ақбоз атқа мін, ақ шапан жамыл, ел баста, жыл мен айдың, аман-жаманның сәуегейі бол, жұртыма жоғары мен төменнің байланысын жеткізіп жүр», – дейді. 
Үшінші, «Шыңғыханның қатындарының бірі – Құлан (бәлкім Қорлан. – С.Ж.) болатын. Бұл Тайыр Ұзынның қызы еді», «Шыңғысхан тағы бір әйел алды. Оның әкесі Меркіт тайпасының Құлан атты гүлі-тін. Ал, Құланның әкесі Тайыр Ұзын еді. Бағалинның ақсақалы Тайыр Ұзын Шыңғысханға еріп, Жамұқадан қол үзгесін, оған Шыңғысхан мыңбасылық Ноян атағын берді», т.б. деген жазбалар тарихнамаларда жиі кезігеді. 
3. «Ұзын» деген Түркі тілі, ол «ұзын, ұзақ өмір сүру» деген мағыналарды білдіреді. 1240 жылғы кітап «Моңғолдың құпия шежіресінің» 216 тарауында мынау тұр: «Шыңғысхан таққа отыру рәсімінен кейін, Ұзын қартқа былай дейді («ұзын» ұзақ өмір сүру дегенді де білдіреді): Сен көзіңмен көрген, құлағыңмен естігеннің бәрін еш жасырмай бізге айтып жүр».
4. Бұл «Ұзын» атты адам моңғол емес, Түркі тайпасының адамы. Тарихи жазбада: «Құлан хатұнның әкесі Тайыр Ұзын Найман лагерінде жүрген-ді (Меркіттер тоздырылғасын паналаған шығар. – С.Ж.). Шыңғысхан Наймандарды бағындырғаннан кейін.....» деген секілді сөйлемдер бар. Ал, Лию Лыту (刘乐土) жазған «Шыңғысхан» атты кітаптың алтыншы тарауында: «Наян келіп Шыңғысханға мынадай дат айтады: Меркіт20 тайпасының Уас руының қолбасы Тайыр Ұзын......». 
5. Моңғолдарда Ұзын (兀孙) деген ру жоқ. Кейбір зерттеушілер «оныншы ғасырларда Моңғолдарда Ұзын атты ру болған» дейді. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Моңғол ұлтының тегі Дұңхұу (Шығыс Ху,东胡). Сыма Чянның «Тарихи жазбаларынша»: Дұңху ғұндардың шығысында тұратындықтан шығыс ху деп аталған. Ал Моңғол ұлтының толық біртұтас тұлғаға айналған кезі заманымыздың 13-ғасыры21 Тіпті Чиң әулеті кезіндегі Моңғолдың Мың, Бу, Чи сықылдыларының арасынан да У Сүн (兀孙) аттыны кезіктіре алмайсыз.
6.Өкіншке қарай, бұл қателік тізбекті реакция да тудырған22, бұрын тарихнамаға енген Үйсінмен еш қатысы жоқ У Сүнмен шатыстыру, мысалы, тек дыбыстық таяулықты ғана қуып, моңғолдардың Шүйжін (许慎) бөлігін乌孙-兀孙-玉逊 дей салу да кезігеді.
7. Хән тіліндегі У (兀) әріпімен басталатын сөз тіркестерінен (мысалы, 兀傲,兀鹫、兀臬,兀立,、兀鹰,兀自,兀立,兀兀,兀的,兀然,兀突、兀坐,兀傲,兀那、臬兀、傲兀 т.б. ішінен) де ұзын(兀孙) деген кездеспейді. 
Аталған қате көзқарасты жақтайтын кейбір зерттеушілер Жалайыр, Керей, Татар, Меркіт қатарлы руларды да Моңғолдың ру-тайпасына жатқыза салады. Бұл туралы сонау Шағатай дәуіріндегі әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати23 өзінің «Тарих-и Рашидинің»(1542-1546) бірінші томының екінші бөлімінде түркілердің Жалайыр, Керейт, Беркіт, Сунит, Ойрат, Татар, Меркіт, Төленгіт, Күштем, Орман, Ұранғайт, Көрхан, Сахайт қатарлы ру-тайпалары барын айтқан. Сол томның төртінші тарауында және Қатаған, Бағарын, Барұлас («Тарих-и Рашидиден».1952. 152-197б.) Найман, Қырғыз, Қарлық, Қыпшақ қатарлыларды тілге алған, әрі «олардың өз алдына ру басылары мен қағандары болған» дейді («Тарих-и Рашиди». 1952. 126-157б.). Мүмкін, кейбірру-тайпалардың бытыраған аз бөлігі Шыңғысхан заманында моңғолдарға сіңіп кеткен де шығар. Бірақ, олар негізгі тұлғаға уәкілдік ете алмайды, әрине.
Жоғарыдағыларды жинақтай келіп мынадай қорытынды шығаруымызға әбден болады: Тарихта Ұзұн (兀孙) атты түркі азаматы және түркі тіліндегі ономастикондар болған. Олардың мағыналары түркі тіліндік. Бірақ, моңғолдарда ондай ру-тайпа болмаған. Тіпті Шыңғысхан кейін келе құртқан Ұзын атты меркіт азаматынан бүгінгі миллиондаған қазақ үйсіндерінің өсіп-өнуі де мүмкін емес.

Еуразия ұлы даласындағылар гені
Ертедегі сахаралықтардың гені әрине ежелгі Үйсіндердің генін де қамтиды, өйткені ол кездегі Орта Шығыстан бірге келген адамдардың саны шекті, бір-бірімен ажыраған уақыттары ұзақ емес, қандастық қатынастары қою болған. 
Алдымен, ген туралы тоқтала кетейін. Ханзу тілді «Азаттық газетінің» тілшісі Сау Жиң ген туралы Фудан университеті ректорының орынбасары Жин Ли (金力) академикпен сұхбаттасқанда (曹静.2011.8.26), академик бүй деп түсіндіріпті: 
«ДНҚ тарихтағы нақты оқиғаның орнын, уақытын, кейпкерін дәл айтып бере алмаса да, ол адамдардың биологиялық байланысын көрсете алады. Ген зерттеудің тарихқа қосқан зор үлесі – ұқсас не өзге уақыт-кеңістіктегі адамдардың бір-бірімен байланысын ашып бере алатындығы. 
Генетиканың адамзат тарихын зерттеуге қолданылуы молекулалық антропология. Адамның клеткасында ядро болады, ол ядрода 23 жұп хромосома болады. Осы хромосоманы ұзартқанда ДНҚ көрінеді. Оның басты бірліктері А、Т、G、C. Клетканың ішінде (ядродан сырт) және органеллелер болады. Оның ең бастысы митохондрия. Ал, осы митохондрияда да ДНҚ болады. Оны митохондриялық ДНҚ дейді.
Егер ең ежелгі ата-бабамыз бірген группасына тән болса, онда уақыттың өтуіне байланысты мутация (гендегі тұқым қуалау органының өзгерісі) салдарынан өзге нұсқа туады. Сосын тағы митохондрия қабылдайды, ілгерілейді және бөлектенеді. Егер адам топтарының ажыраған уақыты қысқа болса, онда олардың гендері таяу болады. Ал, бір-бірінен ажыраған уақыты ұзақ, одан кейін бір-бірімен араласпаған болса, онда олардың геніндегі ұқсастық барған сайын азаяды. Біз осы гендік ұқсастық пен таяулық арқылы адамдар арасындағы биологиялық және бейбиологиялық байланысты парықтаймыз. Ежелгі батыстықтар дейтініміз – еуропалықтар мен ортаазиялықтар. Азиядағы ең ежелгі мүрделер Оңтүстік Сібірден табылған және айқын орта азиялық ерекшелікке ие. Батыстықтар мен шығыстықтардың араласуы төрт мың жылдың алдында басталса керек. Ал қазіргі қазақты қамтыған Орта Азия халықтары орта азиялықтар мен шығыс азиялықтардың метистері.
Академик Жин Ли сұқбатында және былай дейді :«Генетикалық талдау тарихи тұлға немесе адам топтары ара генетикалық байланыстың рас өтірігін дәлелдеуге де пайдаланылады. Ол тарихи тұлғалар жайлы, тарих кітаптарының айтқаны түгел есеп бола кетпейді, ДНҚ мен үкім шығару жағдайы болса, ДНҚ-нің айтқаны есеп. Генетика – жаратылыстану ғылымы, оның гуманитарлық ғылымдарша зерттеуден өзіндік парқы бар, өйткені жаратылыстану ғылымының зерттеуі ең алдымен гипотезаға негізделеді. Зерттеуші қатысты фондық деректерге сүйеніп бір тұспал жасап алады, сосын оған лайық бір лабораториялық жұмыс жобалайды, ол жұмыстан дата шығарады, бұл даталарға талдау жасағаннан кейін ғана алғашқы тұспалының дұрыс-бұрыстығына жауап береді. Міне бұл жаратылыстану ғылымының ойлау әдісі. Генетикалық тәжірибе бір құрал санатымен, зерттеу үдерісіндегі гипотезаны гуманитарлық, әсіресе тарих ғылымының негіздерінен алады. Гипотеза қойылғасын, одан соңғы зерттеу үдерісіне өзге ғылымдар әсер етпейді де, зерттеу генетикалық зерттеудің өз жолына, өз заңдылығына құрмет етеді. Нәтижеге қол жеткесін, ол әуелдегі қатысты ғылым рамкасына қайтып сынақтан өтуі тиіс. Сондықтан генетика тек қана құрал. Бұл құралдың тарих зерттеудегі рөлі өте зор».
Академик Жин Лидің бұл сұхбатынан ДНҚ -ларға талдау мен салыстыру жүргізудің адам топтары (мысалы, қазіргі қазақтардың этногезі мен ежелгі үйсіндер) ара байланысын табуымызға көмектесетіні көрініп тұр.
Африкадан Еуразия сахарасына келген адамдардың алғашқы гені P-M45 (ақ «нәсілділер») пен C-M130 (қоңыр «нәсілділер») болатын. Жуықтағы үш-төрт мың жылдан бері Еуразия сахарасындағы адамдармен араласқан шығыстықтардың (сары «нәсілділердің») ең алғашқы гені К-М9. Бұлар кейінгі тарих үдерісінде мутациямен (төтенше өзгеріспен) ұдайы жіктелген. Y хромосомалық дерек көрсетілген кестелерден Еуразия сахарасына ұқсамаған дәуірлерде жеткен адамдардың гені (ақтарға тән) М9, М17, М45, М242, М173 терді негіз еткенін байқаймыз. Аздаған C-М130 генділер де (қоңыр «нәсілділерге» жататындар да) бар екен.
Адамдар тобына, нәсілге, ұлтқа тарихи және ғылыми тұрғыдан қарау керек. Дүниеде тек қана метис ұлттар бар, саф, жалғыз этногенезді (бір ғана текті) ұлт жоқ. Мысалы, қоңыр топтағылардің дені Океанияға барып, бір бөлімі Сібірге келген. Ал, бұл топтың аздағаны Солтүстік Америка құрлығына да жеткен. Олардың гені сахарадағы адамдар тобында да (қазақтарда да) гендік құрам ретінде бар. 
Зерттеулерге қарағанда, қазіргі қытай ұлтында 4 пайыздай еуропалықтар гені (P-M45) бар. Ертедегі үнді-еуропалықтар (кавказдықтар) Еуропаның Шығыс-солтүстігіне кең тараған. Еуропалықтардың (немістер, славяндар, т.б.) ата-бабаларының Азиядан он мың жылдың алдында ғана қоныс аударып кеткендер екенін көптеген ғалымдар мойындайды. Бұған қарағанда және Сары патша (黄帝) өмір сүрген өңір мен мезгілді ескергенде, Сары патша үнді-еуропалықтардың Шығыс Азияға ауып барған тобының ұрпағы, демек Сары патша Орта Шығыстан келгендердің (сақтардың) бір бұтарының ұрпағы болуға тиісті.
Ғалымдар24 Орта Азиядағы ұлттардың дене бітімі мен Y хромосомалық генінің бейнесі ара байланысты физикалық антропология, лингвистика, археология, тарих қатарлы ілімдерге негізделіп зерттей келе, хромосома гаплогруппа Р1а1 геннің жеңіл пигментті ежелгі еуропа нәсілділер гені, ал J2 a геннің терең пигментті кавказдыктар гені екендігін білді. Сөйтіп, Орта Азияны центр еткен сахарадағы ежелгі (үйсіндерді де қамтыған) халықтардың гені еуропойттар гені екендігін анықтады.
Хән әулеті кезінің «焦氏易林» атты кітабында«Үйсін әйелдері шүңірек көзді, қара терлі, ындыны бөлек» делінген. Осыған қарағанда ежелгі үйсіндер ішінде қоңырлар ықпалына жолыққан қара терілілер де болған. Бірақ, Таң әулеті кезіндегі Ян Шыгу (颜师古) «Хәннама. Батыс өңір баянына» жасаған түсіндірмесінде былай деген: «Үйсін Батыс Өңір қолдарына тән, дене-бітімі бек өзгеше. Бүгінгі көк көз, жирен шашты хулар сияқты, маймылдарға ұқсайды, тегі солай.....». Міне осыларға талдау жасай келіп, 7-8 ғасырлардағы үйсіндердің шұңғыл көзді, қыр мұрынды, көк көзді, жирен шашты еуропойттар тұқымдасы екенін білуге болады. А.Н. Бернштам, Г. А.Күшаев, К. А. Ақышев қатарлы ғалымдар сексен пайыздан астам үйсіндердің бас сүйек пішіні еуропойдтарға тән екенін байқаған. А.Н. Бернштам, Г. А.Күшаев, К.А.Ақышевтер үйсіндердің Геродоттың «Тарих» атты кітабында жазылған исседонестер екеніне сенген. Синолог Жарл Чарпентер үйсіндерді сарматтарға телиді. АҚШ ғалымы М.Говернер үйсіндерді кавказдық тегіне жатқызады.
Жапон ғалымы Ханеда Тоору «Батыс Өңір мәдениеті мен тарихы» атты кітабында: «Үйсіндер түркі тілін қолданған, бірақ бұған бола оларды түркілерге жатқызуға болмайды» депті. Қытайдың әйгілі антропологы Хан Каңшин (韩康信) Шинжияңдағы б.з.д. 300-1800 жылдар аралығындағы мүрделердің бас сүйектеріне негізделіп үйсіндердің бас сүйектерінің құрамы өте күрделі екенін, еуропоидтық ерекшеліктерінің басым екенін, олардың батысқа қоныс аударудан бұрынғы кезде еуропойттарды негіз еткен топ екенін айтыпты. 
Ежелгі Үйсін елінің аумағы қазіргі Қазақстанның Алматы облысы мен Қытайдың Іле облысын кіндік еткен. Бұл туралы «Хәннама. Батыс өңір баянында»: Үйсіндердің шығысы ғұндармен, Солтүстік батысы Қаңлылармен, Батысы гректескен Ферғанамен, оңтүстігі қалалық елдермен іргелес деген.
Жоғарыда көбінесе тарихты және тарих көтерген, болжам жасауымызға (ежелгі үйсіндер мен қазіргі қазақтар ататегі арасында тығыз байланыс бар деуімізге) себі тиетін ахуалдарды айттық. Енді ежелгі Еуразия Ұлы Даласындағылардың ақ, қоңыр гендері мен қазіргі қазақтар генін (ондағы ақ, қоңыр ген құрамын) салыстыруға сүйеніп тығыз байланыс бар деген гипотезамыздың дұрыстығын анықтауымызға болады. 
Қазақтардың гені
Жоғарыдағы зерттеулерден Еуразия сахарасындағы қазіргі ұлттардың тегі осы даладағы ежелгі сақтар мен олардың бергі ұрпақтары (ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, аландар, т.б.) деп тұспалдауға әбден болады. Тарлан тарих барысында бұл адам топтары ара әр алуан араласулар үздіксіз жүргендіктен ген мутациясы да дамылсыз туа берген. Сондықтан, кез келген ұлттың гені күрделі құрамға ие. Мысалы, хән (қытай) ұлтында жоқ қоңырлар гені С-М130 жапондар, моңғолдар, корейлерде бар. Ал бұл Қазақтарда да 5 пайызды құрайды. 
Қазіргі қазақтардың ген құрамы25 төменгі суреттегідей. Қызыл түс (Р1а) – Үнді-Шығыс Еуропа-Алтай адамдарының гені, көк түс (C3) – Солтүстік Батыс Азия-Австралиялықтар гені. Бұл екеуінің қосындысы мөлшермен 67%. Егер оған R1b (Батыс Еуропалықтардың 3.92%) генін, C* (Солтүстік Шығыс Азия, Австралиялықтардың 5.95%) генін, G (Балқан-Кавказдықтардың 2.85%) генін, I (Солтүстік Еуропалықтардың 1.71%) генін, т.б. қоссақ, еуропалықтарға тән ген 81.15 пайызға жетеді. Демек, генінде 80 пайыздан астам еуропалық құрам бар бүгінгі метистенген күйдегі қазақтарды еуропалық саналатын ежелгі үйсіндермен тығыз, ататек пен ұрпақтық байланыста екені көрініп тұр.
Қазақтың өз ішіндегі әрқайсы ру-тайпалардың Y хромосомасы төмендегідей:
Төрелерде: 69% C3,19% R2, 6% R1a,6% R1b.
Қожаларда:25% C3, 25% R1a, 25% Е1b, 25% Q1.
Қаңлы, Суан, Түркеш (Сары Үйсін), Қарлық қатарлы тайпалардың генін табу алдағы міндет.
Егер R1а алғашқы Үнді-Еуропа адамдарына тән дегенді, тіпті Ариянның шығыс бұтарына есеп екендігін, R1b ның Батыс Еуропадағы ежелгі тұрғын кромнон ұрпақтарының гені екенін ескерсек, Албан, Жалайыр, Қыпшақтарда Еуропа тиіпті Y хромосоманың басты салмақты ұстайтыны көріне кетеді. Қазақтардың 90 пайызы қыпшақтардың мұрагері, ал Албан мен Жалайырдың көбі Ұлы жүз үйсіндердің ішінде. Оның сыртында, арғындардың 65 пайзы G1, қыпшақтадың 16.5 пайзы G1, наймандардың 17 пайзы G1, дулаттардың 20 пайзы J2, бұл гендер Еуропа тұрпатына жатады. 
Ғалымдар R1b мен R1a екеуін туыс әмбе сонау отыз мың жылдың алдында Африкада қалыптасқан ақтардың ата-бабасына тән ген деп қарайды. Ал, бүгінгі британиялықтардың 70 пайзы R1b генді, 7 пайзы R1a генді. 
Демек, ежелгі үйсіндер түркі тілдес еуропалықтар, ал олардың ұрпақтары қазіргі қазақ халқындағы ұлы жүз үйсіндер мен өзге қазақ тайпалары ішінде келе жатыр. Бүгінгі метис қазақтарды мүлде сарыларға итере салып, ежелгі үйсіндермен қатыссыз санаушыларға негіз жоқ.
Бүгінгі қазақтар мен ертедегі үйсіндер ара байланысты зерттеушілер ежелгі үйсіндердің еуропалық мүрдесі (сүйегі) мен бүгінгі қазақтардың метис бет-бейнесіне қарай салып, байланыссыз дегенге жүгірмей, тамаша өлшеу құралына – ғылыми ген картасына сүйенуі керек. 
Ең соңында айтарым: Ежелгі үйсіндер түркі тілінде сөйлеген еуропалықтар, 乌孙дегеннің дұрыс аудармасы Үйсін, тарихта 兀孙атты тайпа болмаған, ежелгі үйсіндер тұқымы құрымаған, қайта тарихтың көптеген ауыр сатыларын қайратпен баса келе, көбейіп, күшейіп, қазіргі қазақ халқын құрауға қатысқан. Ежелгі үйсіндердің ұрпақтары өзге халықтар ішінен де кезігеді. 
Сөйтіп, бүгінгі қазақтарды құраған ең басты тарихи топтың бірі ежелгі еуропалық үйсіндер деген қорытындыға келеміз.

Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ,
профессор, жазушы, «Алаш» әдеби сыйлының иегері, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің құрметті профессоры
Айжан БЕРІКҚЫЗЫ,
филология ғылымының докторы, Қытай Орталық ұлттар университеті қазақ тілі мен әдeбиеті факультетінің оқытушысы

 

Түсініктемелер:
1. Аристов Н. А. Усуни и кыргызы или кара-кыргызы : очерки истории и быта населения западного Тянь-Шаня и исследования по его исторической географии. — Бишкек: Илим, 2001. — 576 с. — ISBN 5-8355-1132-9.
2. Заманымыздың 907-жылы –1125жыл. 
3. Заманымыздың 960-жылы – 1127-жыл, 1127-1279жылдар. 
4. Каң ай шан,ертедегі аты Ян ран шан, нанбыйчау патышалығы тұсында доу жин шан деп атаған, мұңғұляның орта бөлігіндегі тау.
5. Чян байчуан:: ‹‹қазақ ұлтының тегі және ұлт атының маңызы››, www. Cqvip. Com
6. Қытайдағы зерттеушілер чин патшалығы кезінде үйсіндерді «Күн Деп атаған. 
7. Қазыргі көптеген түркі тобындағы тілдерде М әрпі мен Б әрпі алмасу құбылыстары көптеп кездеседі, мысалы: бұны=мұны, сабан=саман, т. б. 
8. Уаң жылай: ‹‹орта Азия тарихы››, халық баспасы, 2010-жылы 3-ай. 
9. Солтүстік уй патшалығы (386-534). 
10. Иобан дегеніміз солтүстік уи патшалығы дәуірінде батыстағы бір ел болған, ең алғаш күйсінің батысында жасаған көшпенді ел, ең алғаш ‹‹уи кітабы›› ында көрілген, олар алтай тілдер жүйесі тұрлы тілдер тобына жататын ұлт. Қытай ғылым академиясындағы зерттеуші ‹‹Яндалықтардың тарихы›› атты кітабында осы иобандарды солтүстік ғұндардың бір тайпасы болуы мүмкін деген, кейін иобан Қараханилар хандығының Яңмосымен байланысы бар делінген, нонандардың сөлтүстігіндегі иобандар нонандармен жақын болып ұйсын еліне бірге шапқыншылық жасаған деген, кейін бұл екеу де қырғи қабақ болған, сонда солтүстік уи патшалығының патшасы тай удимен ынтымақтаса отырып нонандарға қарсы тұрған, таянның үшінші жылы (437-жылы) дұң уан, гәумиңдер батысқа аттанып иобандардың патшасымен жолыққан деседі. Тайпиңжын жұн жылы (448-жылы) иобан елші жіберіп солтүстік уи патшалығынан көмек сұрайды, нонандар иобанға деген шапқыншылығын толастатпағаннан кейін иобандар ақыры батысқа қоныс аударады. ‹‹уи жазбасының батыс бөлімі, иобандар естелігі›› атты кітапта, иобандар батыста көп тұрмаған делінген. Иобандарға қатысты деректер солтүстік уи патшалығының тай уди таян үшінші жылында (437-жылы) дұң уан, гәу миңдар батысқа сапарында шыққан, ең соңғы дерек айпиңжын жұн жылы (448-жылы) жазылған. Қазақтар ұлы жүздегі албан руын иобандардың ұрпағы деп біледі. 
11. “Нан“Дегеніміз қазақ тілінде үлкен деген мағынаны білдіреді. 
12. Билік ғибыратнамасы, 211-бума.
13.Су Бихай: ‹‹батыстың тарихы мен жағрапиясы››, 372-бет.
14.‹‹ляу тарихы››, 4-бума 4-бөлік баян тайзұң (2) . 
15. ‹‹сахараның патшасы›› (L’Empire des steppes)-францияның әйгілі тарихшысы 1939жылы жариялаған орта Азия тарихы туралы кітап, онда евро-Азия сахарасын мекен еткен ғұндар, түріктер, Мұңғұлдар және басқа ұлттарды біріктіре зерттеп жазған еңбегі. 
16. Совет одағының тарих жазушысы В.Владимирцовтың «Шыңғысқанның өмір баяны» атты кітапты жазған. 
17. Шынында бұл ертеден бар, түркі халықтары Бек деп атаған. 
18. Бейдуәншәр дегеніміз алтай тілдер системасына жататын бір ру, бөрі тегіннің ата-бабасы, Шыңғысханның оныншы атасы, төлен мерген мен алан қоғаның баласы, ержеткеннен кейін ағасы екеуі қолбасы жоқ бір руды билеген, бөрі тегін деген аты түркі тілінен келген, мағынасы бөрі көзді, кейін Шыңғысханның ұрпақтары өздерін осылай атаған, зерттеулерге қарағанда бедуәншәрдің әкесі тоғызыншы ғасырдан бұрын жасаған түрік. 
19.Бұл адам ды да түркілер арқылы зерттеуге болады, ‹‹Тарих-и Рашидинің›› бірінші бөлімінде нақтылы жазба деректер бар. 
20.Бұл адамды да түркілер арқылы зерттеуге болады, ‹‹Тарих-и Рашидинің›› бірінші бөлімінде нақтылы жазба деректер бар. 
21.‹‹Мұңғұл сахарасы және Мұңғұл тайпаларының бастапқы кезеңі›› http: //www. Changyuan. Com 
22. ‹‹Қазіргі қытай тілі сөздігі›› 5-бөлім, 1434-, 1447-беттер. 
23.‹‹Тарих-и Рашиди›› – Моғолстанда омыр сүрген тарихшы, әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегі. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кәшмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дәптерден тұрады. Алғашқы дәптерде Моғолстанды билеген шағатай әулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік дәптерде Мұхаммед Хайдардың Кәшмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін аса құнды Еңбек. Онда Жәнібек пен керейдің қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш в. В. Веляминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулати өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат әмірлерінің аңыз-әңгімелерін, құжаттарды, әсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған. 
24.Иобайлар. Жібек жолындағы ежелгі ұлттардың шығу тегі және көшуі, осы заманғы антрофология информациясы, 2007, 1. 
25.Дүние жүзіндегі адамдардың ген кестесі, https: //baike. Baidu. Com/item
 

1049 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз