• Заманхат
  • 26 Қараша, 2019

Еңселі өзгерістер мен қоғамдық бірлік үдерістері

Қазіргі қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени келбетінде жаңа өзгерістер пайда болып, соның нәтижесінде әлеуметтік санада жаңа көзқарастар туындауда. Бұл негізінде мемлекетіміздегі бірқатар маңызды іс-шараларды іске асырудың жемісі. Бұл ретте Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығының бас-тауымен құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстардың нәтижесін айтуға болады. Ақпараттық-түсіндіру тобының негізгі мақсаты – қоғамымыздың тұрақты дамуы, әлеуметтік-моральдік және діни мәселелеріне нақтылай түсінік бере отырып, қоғамдағы зайырлылықтың табылады. Баршаға белгілі, жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, әділдік сияқты жоғарғы құнды-лықтарға негізделген. Бірақ ХХІ ғасырдағы белең алған діни экстремизм мен терроризм мәселелері, қоғамда жаңа бағыттарды тудырып, әсіресе жастар арасында шатастырулар мен адасу сияқты идеологиялар пайда болып жатыр. Осының нәтижесі қоғамда қарама-қайшылықтар тудыруы әбден мүмкін. Сол себепті бойында күш-қуаты көп жастар діннің негізгі мақсатын ажырата білгені абзал. Ол үшін барлық тұрғындардың үлкен-кіші демей діни тұрғыдан сауатын ашқандары дұрыс. Сол кезде ғана адасушылықтан құтыламыз. Діни төзімділік немесе толеранттылық ұғым-дары қазіргі әлемдегі кең таралған және бел-сенді талқыланатын мәселелердің қатарына заңды түрде кіреді. Діни төзімділікті әлеуметтік-сананың ұстанымдарымен діни дәстүрлердің заңдылығын үйлестіретін құбылыс ретінде қабылдаймыз. Діни төзімділікті қалыптастыру қоғамдық қатынастардың барлық жүйесімен, азаматтық құқықтар мен бостандықтарын іске асыруда, жеке тұлға және қоғамның рухани мәдениеті деңгейімен байланысты. Қазақстандық жастардың дін туралы білімін арттыруда басқа конфессиялардың тарихымен және мәдени мұрасымен танысуға, түрлі ұлттар мен діни-нанымдар өкілдері арасындағы өзара түсіністікті қабылдауға, қазақстандық қоғамның діни көзқарасын қалыптастыруға бағыттау болып табылады. Әртүрлі қоғамда діни-этикалық, саяси-экономикалық қиындықтарды пайдалана отырып, жалпы экстремизм түрлерінің идеологтары жанжалды тұтандырудың құралы ретінде пайда-ланып, қоғамымыздың мәдени-әлеуметтік дамуына қауіп төндіреді. Діни экстремизм әлеуметтік-құқықтық және этно-құқықтық мәселе болғандықтан, діни ар-тықшылық, діни алауыздық, дінді саясатпен байланыстырып, қарама-қарсы көзқарастарымен әлеуметке қауіпті құбылыс болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының бірінші Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ай-тып өткендей: «Экстремизм Қазақстанда кең ауқымда пайда бола қоймаған құбылыс, алайда конфессионалдық тұрақсыздықтың бізде де бой көтеруінің белгілі бір қаупі бар. Әрине, егер осы қауіпті өз уақытында сезініп алдын алмасақ» деген ойы өте дұрыс айтылған. Адамның іс-әрекетін басқаратын сана-сезім десек, қоғамда санамен қатар ұлттық өзіндік сананың да адамның әлеуметтік құндылықтары болып табылатыны сөзсіз. Бірақ қашанда әлеуметтік мәселе өзгерген сайын, адамдардың іс-әрекетін басқарудың басқалай формасын іздестіру қажеттілігі туындайды. Өз кезегінде дін мен қоғамның даму ерекшеліктеріне қарай, әлеуметтік-тарихи мәселелер өзектіленіп ал-дыңғы орынға түседі. Мәселен, діннің дамуы мен қалыптасуындағы модернизация мен жаңғыртуларды айтуға болады. Демек, біздің мақсатымыз осы мәселені айқындап, адасудан, басқа ойға тәуелді болудан, өзінің көзқарасын, өз пікірін нақтылай алуға бағыттау. Сонымен қатар, еркіндік, жігерлік, дәстүр мәселелері еуропалық менталитеттен енген жаңа көзқарастар ұрпағымыздың санасын сақтау сабақтастығында жатыр. Жалпы кісілік ұғымына кіретін са-лауаттылық, инабаттылық, ізеттілік, ар-ұятты болу, қайырымдылық, перзенттік парыз, ата-анаға, отанға қызмет ету, ұлтын, халқын отанын сүю, қорғау, әдептілік, имандылық, ар-намыстылық, барша адамзаттық адамгершілік қасиеттерді ардақтау, ерлік деген ұғымдарды тәлім-тәрбиеде кісілік өлшемдердің көрсеткіші және қоғамдық-этикалық кодексі деп санасақ, адам болмысын қалыптастыру ізгі қасиеттерге баулу негізгі парыз. Ал, қоғам дамуының азаматтық қатынас пен оны байыту жалпыадамзаттық, әлемдік мәдениет пен дінге қосылған үлес болып табылады. Әлемдік өркениетке ену және өзіндік атсалысу осы ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, дамыту арқылы ғана жүзеге асады. Ұлттық көзқарасты түлетуде орасан мәнге ие болады. Бірлік ұлттық болмыстың өзекті тірегі және этностық тұтастықтың түпнегізі. Осы реформаларды жүзеге асыруда мем-лекетіміз аса маңызды экономикалық өзгерістерге қол жеткізді. Осыған сәйкес қоғамның әлеуметтік құрылымы да өзгерді. Ең алдымен адамның қоғамдық санасындағы идеологиялық ұстанымы және психологиялық негізі мықты болған сайын, соншалықты жаңа дүниетанымның қалыптасуына әкеледі. Қазіргі уақытта қоғамдық-әлеуметтік, адам-гершілік, этика, мораль тақырыптарындағы мәселе адам өмірінің түрлі жағдайларына қатысты тәлім-тәрбиелік міндет атқарып отырғаны байқалады. Сол себепті «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаған. Осы орайда, біздің ақпараттық-түсіндіру тобы тікелей қоғамдық мәселелерде, әсіресе жастардың арасындағы көзқарастарды жаңа арнаға бағыттауда орасан зор жұмыс атқарып жатыр.

Шұға АБЕУОВА, философия ғылымдарының кандидаты, ҚазҰПУ оқытушысы

490 рет

көрсетілді

57

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз