• Ел мұраты
  • 22 Сәуір, 2024

Еңбегі ерен тұлға

   Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы – алғашқы қазақ заңгері, мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, демократ. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Ақбақай ауылында дүниеге келген. Сұлтан тұқымы әулетінен тарайды. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың шөбересі. Орынбор гимназиясын, Санкт-Петербор университетінің заң факультетін үздік бітірген.

      Бақытжан Қаратаев қазақ халқының өз жер-суына өзі ие болу құқын қорғауда 2-Мемлекеттік Дума мүшесі ретінде айрықша белсенділікпен күресті. Ішкі Ресейден ағылған көші-қонның шұғыл тоқтатылуын талап етті. Думаның 1907 жылы 16  мамырда өткен мәжілісінде қазақ халқының мүддесін қорғап, қайта қоныстандыру саясатының «шаруалардың өздерін де, қазақтарды да қатты қинау» жолымен жүзеге асырылатынын ескертті. «Қазақстан» газетінің рухани желеп-жебеушісі болып, оның идеол. бағыт-бағдарын айқындауына тікелей жәрдемдесті. «Айқап» журналының беделді авторларының бірі ретінде, оның заман талабына сай жаңару, даму, өркендеу шарттарын уағыздаған демокр. мазмұнын аша түсуге ат салысты. Империя қазақтардың психикасын аздырды, олардың бойында патшалық билік күллі жүйелі әрекетімен құлдық психологиялық, тәуелділік, кіріптарлық сезім қалыптастырды деген ойды тұңғыш қорытқан ойшыл-қайраткер болды. 

               1917 жылы 16 мамырда өткен Думаның мәжілісінде қазақ халқының мүддесін қорғап, қайта қоныстандыру саясатының «қазақтарды қатты қинау» жолымен жүзеге асырылатынын ескертті. Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусымдағы бұратаналарды майданның қара жұмысына алу туралы жарлығынан кейін Қаратаев «Қазақтар жайындағы естелік жазба» атты құжат әзірлеп, Петроградқа сапар шекті. Дума төрағасы мен Соғыс министрлігіне тапсырылған бұл хатта жарлық шығару мен оны жариялауда заң тәртібінің бұзылуына жол берілмегендігі, сондай-ақ, жергілікті әкімдердің оның мәнісін халыққа өз мағынасында дұрыс жеткізе алмағандығы әшкереленді. 1917 жылы мамырда монархия құлағаннан кейін Қаратаев большевиктер партиясына кіріп, Орал облысында Кеңес өкіметін орнатуға қатысты. Орталық ағарту комитетінің заң істері комиссары болып сайланды. 1918 жылы көктемде ақ қазақтар Оралда төңкеріс жасап, облыстық кеңес атқару комитетінің өзге мүшелерімен қатар оны да тұтқынға алды. Тоғыз айдан соң қызылдар Оралды азат еткенде, өлім жазасынан құтқарылып, түрмеден босатылады. Ақтөбеде халық алдында Қазөлкомының 1-хатшысы Ф.И.Голощекинге қарсы шығып, халықты қырған, аштыққа ұрындырған қылмысын бетіне басты. Сол нәубеттен ұзамай, өзі де дүние салды. 1908 жылы Бақытжан Қаратаев Елжан Оразов және Серәлі Лапинмен бірге қазақтарды жерге орналастыру туралы заң жобасын жасады. Бұнда әуелі қазақтарды мал және егін шаруашылығына қолайлы жерге орналастырып, содан артып қалған жер болса ғана көшіп келушілерді орналастыру және жерге орналастыру жұмысын жүзеге асыратын облыстық, уездік комиссия құрамына қазақ халқының өкілдерін кіргізу көзделген. Жүргізіліп отырған реформалар астарында қазақ халқын өз жері, мал-мүлкінен айырып, өз елінде азшылыққа айналдыру саясаты жатқанын жақсы түсінген ұлт зиялылары өз бастарына төнген қауіп-қатерді елемей, соңына дейін күресуге бел буған.

      Сөз соңында айтарым, халықтың құқын қорғауда көп еңбек сіңірген заңгер Бақытжан Қаратаев большевиктердің қазақ халқына қарсы ұйымдастырған нәубетіне, аштан қырылуына қарсы батыл үн көтеріп, Ақтөбеде халық алдында Бүкілодақтық комитетінің партиясы Қазақ өлкелік комитетінің 1-хатшысы Ф.Голощекинге қарсы шығып, халықты қырған аштыққа ұрындырған қылмысын бетіне басқан.

Арман АЛТЫНБЕКҰЛЫ

                                                    Фатима КОЗЫБАКОВА

 

 

 

 

910 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз