• Ұлттану
  • 01 Қазан, 2014

В. Путин Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын жоғары бағалады

Владимир Путин Атырауда өткен өңіраралық ынтымақтастықтың ХІ форумы барысында Қазақстан мен Ресейдің шекаралас ынтымақтастығын жоғары бағалады.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік қарым-қатынасты жақсартуда өңіраралық форумдардың  маңызы зор болып табылады.  Қазақстанның барлық 14 облысымен көптеген ресейлік субъектілер тікелей әріптестік байланыс орнатты. 300-ден астам ынтымақтастық жөніндегі  аймақаралық келісімге қол қойылды. Ресей мен Қазақстан арасында әлемдегі ең ұзын құрғақ жер арқылы өтетін шекара белдеуі жатыр. Осы шекараның екі жағында жатқан өңірлерге барлық тауарайналымның 40 пайызы тиесілі», - деді Владимир Путин.

Жалпы алғанда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жаңа биік деңгейге көтерілді.

«Екіжақты тауарайналым 6 еседен астам өсті. Ресейдің тікелей Қазақстан экономикасына инвестициясы 10 есе ұлғайды. Бұндай қарқынды өсім көбінде инвестициялық ықпалдастық негізінде мүмкін болады», - деді В. Путин.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

 

191 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз