• Ел мұраты
  • 06 Сәуір, 2016

ҒЫЛЫМҒА ДЕГЕН ҚҰЛШЫНЫС

Қазіргі   өркениет дамуында  ғылымға деген  құлшыныстың өрлеп тұрған кезі. Ғылым­сыз дүние бос, АҚШ, Жапония, Қытай сияқты ұлы мемлекеттер ғылым мен экономиканы, әлеуметтік жағдайларды, тіпті, дінді үйлестіріп керемет жаңалықтар ашып, дамудың бұрын-соңды болмаған шырқау биігіне көтеріліп келеді. Сондықтан, біз көштен қалмауға тиіспіз.

Елбасының ізгілікті қоғамға барар жолдағы «100 нақты қадам  қағидасы» бүгінгі заман­ның ғылыммен байланысты екенін ерен ақыл-ой арқылы түйіндейді. Қазіргі заманғы біздің мемлекетіміз ғылым, білім арқылы жан-жақты дамыған қуатты қоғам болу керек. Әсіресе, экономиканы ғылым арқылы дамытудың мәселелері аталған қоғамдарда барынша айқын әрі нақты айтылады. Ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде «екі инновациялық кластерді дамыту» деген қағида түсінген адамға бәрі айқын көрініп тұр. Сондай-ақ, осы 63 қағида бірлескен ғылыми жобалар мен тәжірибелік әрекеттер жасауға басты назар аударылған. Біз сөзбен айтқанда «100 нақты қадам» қағидасы болашақты болжаған кемеңгерлік бағдарлама десек артық болмас. 

Өмірзақ ТҮСІПБЕКОВ,
профессор, техника 
ғылымдарының докторы

352 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз