• Ел мұраты
  • 22 Қыркүйек, 2021

ЕЛ ИГІЛІГІН ТУ ЕТКЕН

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қазақ журналистикасы үлкен белестерден асып, жаңа заманға лайық, биік деңгейге шықты деп батыл айтуға болады. Биыл осы елеулі мерейтоймен қатар тарихы тереңде жатқан, халық сөзінің айнасы бола білген ұлттық басылымдардың бірі – «Ақиқат» журналының 100 жылдығы аталып өтуде.Бүгінде бұл басылым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі журналистика факультетінде білім алушы шығармашыл жастардың ұстаханасына айналған деп толық айта аламыз. Өйткені, журналдың беделін көтеріп, мазмұнын арттыруда оқу орнымыздың белгілі түлектері әрдайым атсалысып келеді.Журналдың әр жылдардағы тізгінін ұстаған бас редакторлар Сұлтан Сегізбаев, Кәкімжан Қазыбаев, Камал Смайылов,  Сарбас Ақтаев, Ахат Жақсыбаев, Нұрмахан Оразбек, Темірхан Медетбек, Жұмабек Кенжалин, Аманхан Әлім сынды қайраткер қаламгерлер басылымның мәнді де мазмұнды болуына қызмет етті. Ал Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреген 1991 жылы осынау қарт басылымға «Ақиқат» деп қайтадан «азан шақырып» ат қойған белгілі жазушы, публицист Камал Смайылов сынды тұлғаны ел ұмытпауға тиіс. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде «Ақиқат» журналы қоғамдық-саяси өмірге барынша байыпты қарайтын, жан-жақты терең зерттейтін басылымға айналды. Қоғамның өзекті мәселесін көтеріп, ұлт руханиятына абыроймен қызмет атқарып жүрген журнал ұжымына ерен еңбектері үшін риясыз алғыс білдіргім келеді. Қаламдарыңыздан қасиет кетпей, ел игілігін ту еткен еңбектеріңіз табысты болсын! Ақиқатшыл басылымның ғасырлық тойы құтты болсын!

 

1658 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз