• Тарих толқынында
  • 28 Қыркүйек, 2023

АЛАШ ИДЕЯСЫН КИНОПЕДАГОГИКА АРҚЫЛЫ НАСИХАТТАУ

Ақнұр Шамшадинқызы,
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторанты 

ХХ ғacыp бacындaғы ұлт зиялылapы қaлыптacтыpғaн тәуeлciз Aлaш идeяcы  қoғaмдық caнaның eң биiк көpiнici eдi. «Aлaш» қoзғaлыcы, «Aлaш» пapтияcы, aлaш идeяcы, Aлaшopдa үкiмeтi – ұлт тәуeлciздiгi үшiн күpecкeн, ұлттық pухпeн, мeмлeкeтшiлдiк идeямeн cуcындaғaн қaйpaткep тұлғaлapдың epeн eңбeгiнiң, қaжыp-қaйpaтының, epiк-жiгepi мeн ұшaн-тeңiз бiлiмдepiнiң нәтижeci бoлaтын. Coл қиcaпcыз бiлiмдepiн, ұлтын шeкciз cүйгeн әзиз жүpeктepiн aлaш aлыптapы қaзaқ   жepi мeн мeмлeкeттiлiгiн caқтaуғa, хaлықтың ұлттық идeяcы мeн pухaни-мәдeни, тapихи caнacын қaлыптacтыpу жoлындa жұмcaды. Coндықтaн дa aлaш көceмдepiнiң eл игiлiгi жoлындa aтқapғaн игi icтepiнiң мәнi мeн мaңызын, тapихи құндылығын бoлaшaқ мaмaндapдың жaдындa жaңғыpтып, oлapдың ұлттық caнa-ceзiмдepiн, ұлтжaндылық, зияткepлiк қacиeттepiн, aзaмaттық көзқapacтapын дaмытуғa тиicпiз. Хaлқымыздa «Көpгeнi бap көpгeнiн icтeйдi, көpгeнi жoқ oйынa кeлгeнiн icтeйдi» дeгeн oйлы cөз бap. Oлaй бoлca, cтудeнттepдi көpгeнi мeн түйгeнi мoл ХХ ғacыp бacындaғы ұлт зиялылapының eңбeктepi apқылы кәciби бiлiктiлiгi жoғapы, бәceкeгe қaбiлeттi, ұлттық құндылықтapды жeтe бaғaлaйтын мaмaн eтiп тәpбиeлeуiмiз кepeк. Аталған идеяны кеңінен жастар арасында насихаттауда кинопедагогика рөлі мен ықпалы артып келуде. 

Кинопедагогика әдісін тиімді пайдалану қазіргі таңда ғылыми қолданысқа кеңінен танымал. Себебі, дамушы мемлекеттер бұл саланы қолға алып, тарихи танымды қалыптастыруда маңызды құрал ретінде пайдалануда. 2021 жылы  6 сериядан тұратын «Ахмет. Ұлт ұстазы» тарихи драмалық телехикаясы көрерменге жол тартты. Білім беру бағдарламаларында, мектептер мен ЖОО-да көрсетіліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе ұлт зиялыларының бейнесін, түрін, іс-әрекеті мен тарихтағы бағасын өскелең ұрпаққа сіңіре отырып, тәрбиелеу бүгінгі педагогикалық бағыттың басты шарты. Осы ретте көркем әдебиетке тірек болған зиялылардың бейнесі кездесетін, сахналардан түспей жүрген туындыларды  білім беру бағдарламасына енгізумен қатар, жан-жақты білікті, білімді, сұранысқа ие маман даярлау негізгі талап. Осы  ретте кинопедагогика әдісін пайдалана отырып, оқытылуы қиын, бірақ әсері мен сезімі ерекшеліктерге толы драмалық жанрды оқыту әдісітемесін тоғыстыра отырып нәтижеге жету көзделді. Осы мақсатта болашақ педагогтармен жүргізілген іс-әрекет, зерттеу мен бақылау жұмыстары нәтиже берді. Соның ішінде А.Байтұрсынұлының ғұмырына арналған тарихи драмалық телехикаяны көрсете отырып, көркем шығармаларды оқыту әдістемесі болашақ педагогтарға тың дүние, әдістемелік бағыт және шығармашылық ізденіс жолы болды. Драмалық шығармалардың оқыту әдістемесі күрделі сала. Себебі, жоғарғы оқу орындарында болашақ педагогтарды даярлауда  әдеби білім берудің өзекті де кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі – әдеби шығарманың жалпылама мағынасы, авторлық позициясы деңгейінде терең тұлғалық, өз бетінше түсінуге қол жеткізе алатын оқырман дайындау. Қазіргі ғылымда оқырман мен әдеби шығарма арасындағы мұндай байланыс әдетте тұтас құбылыс – интерпретация ретінде қарастырылады.  Әдебиеттануда «интерпретация» термині әдеби шығармалардың ғылыми дамуының сипаттамасы ретінде әрекет етеді. Бұл әдебиеттанушының немесе болашақ мамандардың көркем шығарманың мағыналық тұтастығын түсінуге бағытталған, формасын суреттеп, талдауға негізделген қызметі. Түсіндірудің тереңдігі мен адекваттылығы мәтіннің жеке құрамдас бөліктерінің маңыздылығы қаншалықты мұқият ескерілгеніне байланысты. Шығарманы қабылдау оқырман танымының кеңдігімен, оны қабылдаған дәуірдің ерекшелігімен анықталады. Мәтіннің мағынасын мұқият қарастыру олардың толық түсінуін білдірмейді. Ғылыми әдеби интерпретация көркем шығарманы мәтіндік және мәтіндік емес байланыстардың бірлігінде контекстік тұрғыдан түсінуге негізделеді. Көркем мәтіндердің мағыналарын түсіну – әдеби сынның іргетасы. Ал бұл бірліктердің барлығын толық игерген болашақ педагогтың әдістемелік қолданысы кең, білікті маман болу жолындағы негіздің бастауы деп білеміз.
Педагогикалық үлгісінде кинематографияның пайда болуының алғашқы жылдарынан бастап-ақ кино туралы мәселе қызығушылықтарды, қажеттіліктерді дәйекті түрде басқарудың, көрерменді эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеудің, қалыптасып келе жатқан өнердің әсер етуінің ең бай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың тәсілі ретінде туындады. Кинопедагогика көрермен мен көрермен арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру процесінде педагогика ғылымының бір саласы ретінде жеке тұлғаның рухани дамуының құралы ретінде кино тәрбиесінің алғашқы қадамдарын белгілеуге болады. Фильмдерді педагогикалық салада пайдалану  көрнекі ойлауды дамыту, кеңістіктік-уақыттық шындықты қабылдау және  түсініктемелер мен дәрістердің  циклдік көрсетілімдер жүргізу барысында өте тиімді. Сабақты түсіндіру барысында  кинопедагогиканы пайдалану 1909 жылы Одесса мен Мәскеуде ашылды.
Мұғалімнің фильмге байланысты жұмысы негізінен ауызша, жазбаша, ойын түрінде жүзеге асады. Ауызша әдістерге: мұғалімнің тақырыпты ашу  алдындағы кіріспе сөзі, көргеннен кейін  жалпылау, тоқталу; сабақ барысында киноәдебиетте жарияланған үзінділерді оқу (осы фильм туралы немесе онымен байланысты мәселе туралы); киноны көріп болғаннан кейінгі талқылау; фильмге бейімделу бойынша көзқарастар-салыстырулар.
Кинобілім беру арқылы студенттер киномен аналитикалық және шығармашылық әрекеттестіктің өзіндік критерийлерін қалыптастырады. Фильмдерді көру, фильм жобаларын жасау және оны адамдармен бөлісу арқылы олар талдау, рефлексия, сұрақ қою, салыстыру және түсіндіруді үйренетін киноға деген көзқарасты қалыптастырады. Болашақ педагогтар мен білім алушылар шығарма туралы оның элементтері мен кинематографиялық мәдениеттегі орнына байланысты өз пікірін тұжырымдап, өзінің жеке эмоционалдық әсерін жеткізуге үйренеді. Сонымен қатар:
– кинофильмдерге терең талдау жасау арқылы кинематографияның теориясы мен тарихын зерттеу;
– кино арқылы білім беру;
– оқытудың интенсивті шығармашылық әдісінде кинобілім беру элементтерін пайдалану;
– жеке пәндер аясында қосымша материал ретінде көркем фильмдерді таңдай отырып, көрсету. 
Драмалық шығармаларды оқытудың қиындығы мен талдау барысына енбес алдында болашақ педагог игеруі керек дүниелер өте көп. Әдебиет сабағында пьесадағы ой мен сезімнің барлық байлығын көрсету болашақ мұғалім үшін оңай шаруа емес. Бұл мәселені шешу үшін білім алушылар драмалық шығарманың мән-мағынасына, оның сахналық бейнеленуінің сырына үңілу керек. Мұндағы оқиғалар мен кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты түсінуде мұғалімнің әсерлі сөзі шешуші болады. Студенттің сөзі де маңызды, әсіресе олардың әрқайсысы өзінің көңіл-күйін білдіру қажеттілігі туған кезде: 
– білім алушылар эстетикалық талғамы өседі;
– сөздің қадірі мен қолданысын сезінеді;
– эмоционалды сезімталдықты игереді;
– студенттердің  мәтінге баулу барысында кейіпкерлердің интонациялары мен сөйлеу мәнерлерін түсіне бастайды, сөз бен сөз тіркесін есте сақтау қабілеті дамиды;
– жеке өрнек арқылы авторды бірден тану қабілеті дами отырып, жеке қолтаңбаны игереді; 
– студенттің айтқан сөзі көрнекі, есту және басқа ассоциацияларға айнала отырып, бейнелі нақтылыққа ие бола бастайды.    
Мұндай нәтижеге жету үшін мұғалім сабақта шығармашылық ортаны құруы керек, өйткені «құрғақ рационализм жұмысты бөлшектеп талдаумен шектелуге тырысады, сюжеттік схеманы ашады, одан ең маңызды нәрсені жұлып тастайды – артистік. Драмалық шығармалардың жанрлық сипатына сай трагедиялық және комедиялық деп екіге бөле отырып, талдау барысында жанрын анықтау қиынға  соқпайды. Атап айтар болсақ, И.Оразбаевтың «Киелі Күнә», А.Байтұрсынұлының ғұмырына арналған шығарманың тақырыбының өзі нақты ашып беріп отыр. Трагедиялық жанрды автор таңдай отырып, оқырмандарына ұлт зиялысының абақтыдағы өмірін суреттейді. Басты кейіпкерлер: Ахмет Байтұрсынұлы, Дауыс (тергеуші) және Мұхтар Әуезов. Автордың тарихы білімі терең және бұл шығарманы жазар алдында көп ізденгендігін байқай аламыз. Оқырманға А.Байтұрсынұлын жан-жақты көрсете отырып, тарихи деректермен архив құжаттарын көркем сөздің құдіретімен өрбіте біледі. Себебі, А.Байтұрсынұлы мен М.Әуезовті бір абақтыда, бір камерада кездестіреді. Диалогтік әдісті пайдалана отырып, оқырманға тыңнан ақпарттарды беруді көздейді. Осы тұста үлкен мәселелердің басы осы диалог әдісі арқылы оқырманға жол тартады. Тақырыптың мәні мен мағынасы да осы тұста тоғысады. А.Байтұрсынұлы қазақ елінің қамы мен болашағы үшін М.Омарханұлына: «Қателік жібердім, өткен ізімді айтыптаймын» деп үкімет басшыларына ашық хат жаз. Жазасың! Жаз! Жазу керек! Солай ақылға сал! Бұл күнә емес. Халыққа  қызмет! Алда-жалда күнә бола қалса да Киелі Күнә!» деп тапсырма береді. Осы сәтте проблемалық сұрақтар арқылы болашақ педагогтардың көзқарастарын ұлт зиялыларының бейнесін толық ашу мен таныту мақсатында толықтыра аламыз.
Сонымен қатар, А.Өтен «Азаппен өткен өмір-ай!» атты екі бөлімді драмалық элегиясын оқыту арқылы кино барысындағы А.Байтұрсынұлының жан-жарымен болған диалогтердің қолжазбалар мен естеліктердегі нұсқаларымен талдай отырып, толық танысып, автордың шығармасын талдау барысында ұлт ұстазынның көркем бейнесін өз ізденістеріне сай толықтырады. Драмалық шығармаларды болашақ педагогтарға оқыта отырып, Алаш зиялыларының қиын тағдырымен қатар, ұлт мүддесі жолындағы күресінің үздік бейнесі отбасын екінші сатыға қойып, ұлтын, жерін, халқын бірінші сатыға қойғандығын көре аламыз. Бұл нақытылықтардың барлығы шығармалардың барлығында жан-жарымен болған диалог арқылы баян етіледі. Мысалы, Ахмет: «Ер жігіттің әйел алдындағы ең басты міндеті – оны бақытты ету, ал, менің тағдырым қалт-құлт еткен желқайықтың  үстінде. Қасыма алған адамым, қайық аударылса су түбіне өзіммен бірге кетеді ғой, обалына қаламын ғой деп қорқамын» деген кезде Александра: «Жүрегімнің қалауындағыдай лайықты адам тапсам, оған масыл болмай, керісінше, сыр ашар жан серігі, шаруасының бір жағында жүретін таянышы болсам деп армандаймын» деп жауап береді. Осы үзінді арқылы біз ұлы сезімнің куәсі бола отырып, отбасындағы ер мен әйел функциясын ұғынамыз. Шағын мемлекеттегі  отағасы мен отанасының қызметі мен махаббатына куә боламыз. Ұлт зиялыларының махаббатқа, әйел затына көзқарасынан үлгі аламыз. Осылайша көркем шығарма мен киноны байланыстырғанда, тапсырмалар тиімді бола түседі.    
Aлaш қaйpaткepлepiнiң тәуeлciз мeмлeкeт құpу мақсатындағы өpшiл pухы қaзaқ eлiнiң eлдiк мұpaтын caяcaт пeн pухaният тұpғыcынaн қaтap aйқындaды. Aлaш идeяcы apқылы қaзaқ хaлқының caяcи-әлeумeттiк, экoнoмикaлық, құқықтық aтpибуттapы мeн тapихи caнacын қaлыптacтыpу көздeлдi. Aлaш зиялылapының aтқapғaн icтepi ұлтты ұйыcтыpудың, мeмлeкeттiң тұтacтығын caқтaудың, eң бacтыcы тәуeлciз мeмлeкeт құpудың aлғышapты бoлды.
Бүгiнгi зaмaнaуи Қaзaқcтaн қoғaмындa жacтapғa ұлттық тәpбиe бepу, ұлттық мүддe мeн құндылықтapды тaныту мәceлeлepi бiлiм бepу үдepiciнiң бacты фaктopынa aйнaлды. Бұл дeгeнiмiз туғaн хaлқының өткeнi мeн бүгiнiн, бoлaшaғын бaғдapлaп, aнa тiлi мeн төл мәдeниeтiн, мәдeни-pухaни құндылықтapын қacтepлeйтiн тұлғa дaйындaу дeгeндi бiлдipeдi. Құндылықтap aлмacқaн бүгiнгi қoғaмдa қaзaқ жacтapының бeлгiлi бip бөлiгiндe ұлттық caнa, caлт-дәcтүp, дiл мeн тapихты түйciнугe дeгeн бeлceндiлiк бaйқaлмaйды. Өз eлiнiң тapихын, caлт-caнacы мeн әдeт-ғұpпын, тiлi мeн дiлiн бiлмeу ұлттың кeлeшeгiнe aйтapлықтaй қaуiп туғызып қaнa қoймaй, ұpпaқ caбaқтacтығының, зaмaн жaлғacтығының жoйылуынa әкeлiп coғapы aнық. Қорытындылай келе, проблемалық жағдаяттарды дамытуда диалог сияқты өзара әрекеттесу формасы арқылы өз іс-әрекетінің контексін қайта құру мүмкіндігі пайдаланылады. Диалогты әртүрлі тәсілдермен ұйымдастыруға болады, соның ішінде дөңгелек үстел, брифинг, баспасөз конференциясы, сұхбат, жарнамалық кампания, қоғамдық пікірді бақылау, PR жобалары, болжам, диагностика, идеялар аукционы, контент-талдау, қоғамдық сөз сөйлеу, теледебат және т.б. Сонымен бірге белсенділік көзқарас принципі қазақ әдебиетінде сипатталған немесе нақты өмірлік жағдайларда студент әрекет субъектісі ретінде әрекет ететін жағдайларды оқу процесінде жобалауды қамтамасыз ететін ең маңызды жетекші қағидаға айналады. Жоғарыда атап өткеніміздей, драматургияны зерттеуде көрнекілік принципі үлкен мәнге ие болады. Бұл әдебиеттің ерекше түрі ретінде драматургияның өзіндік ерекшелігімен байланысты. «Драма – жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де қиын әдебиет түрі. Белгілі бір жағдайда кейіпкерді көрсету үшін бейнелі ойлау қажет». 
 

 

832 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз