• Заманхат
  • 01 Сәуір, 2013

НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН, ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Неологизм сөзі грек тілінен аударғанда тілде пайда болған жаңа сөз, тілдік жаңалық, грамматикалық ерекшелік дегенді білдіреді. Тілдің даму барысында пайда болып, ғылым мен техниканың өркендеу барысында, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер негізінде дүниеге келіп, жаңа түсініктерге анықтама беретін немесе қалыптасқан атауларға басқаша жаңа атау беретін тілдік бірліктерді неологизмдер деп атаймыз. Екінші типті неологизмдерді біз стилистік неологизмдер деп атаймыз, ал, бірінші типтік неологизмдер олар терминологиялық неологизмдер болмақ. Аталған екі типті неологизмдердің екеуіде стилистикалық тұрғыдан қарастырғанда әртүрлі функциялар атқарып, әртүрлі мақсаттарға қолданылады. Неологизмдердің стилистикалық функциялары, олардың терминологиялық және стилистикалық қасиеттеріне байланысты ажыратылады. Басқаша айтқанда, оның қолдану мақсатына қарай бұрында қолданыста жүрген түсініктерді немесе заттарды басқа атаулармен атауға байланысты сондай-ақ жаңадан пайда болған құбылыстар мен заттарға атау беруіне байланысты ажыратамыз.

Заманауи ағылшын жазушыларының тіліндегі неологизмдердің пайда болу жолдары көбінесе сөзқұрау, конверсия және сөздердің мағынасының өзгеруі болып табылады. Неологизмдердің өмірінің ұзақтығы олардың қоғамдағы алатын орнына байланысты болмақ, басқаша айтқанда белгілі бір түсінікті атау барысында берілген неологизм қандай деңгейде қолданылады, берілген сөздердің қаншалықты синонимдары бар, жалпы практикада қолдану жиілігі қаншалықты жиі болатынына байланысты болмақ. Көптеген неологизмдер тілден біржолата жоғалып кетеді, кейбіреуі сол сөзді ойлап тапқан автордың есімімен қосақталып жүреді, кейбір аймақтарда пайда болған сөздер кейде мүлдем жоғалып кетеді. Неологизм бүкіл халықтық қолданысқа ие болғаннан бастап ол сөз неологизм болуын тоқтатады.

Тілде бар сөздерді қайта қабылдау. Неологизмдерді құрудың бұл тәсілі арқылы танымал сөздерге жаңа мағына беруге болады.

Мысалы: egg (жұмыртқа) сөзі қазір авиабомба деп те аударылады, өйткені, пішіні жағынан бомба жұмыртқаға қатты ұқсайды; summit сөзі (жоғарғы шек) мемлекет басшыларының кездесуі деген мағынаға ие. Colour-blind сөзі бұрын түсті ажырата алмайтын адамды (дальтоник) бейнелесе, қазір оның мағынасы адамдарды ұлтына байланысты ажырата алмайтын адамды білдіреді. Shuttle сөзінің бастапқы мағынасы (тігін машинаның бөлігі) болса, shuutle spaceship – көп қолданылатын ғарыштық кеме, shuttle trader – тауар тасу мақсатында шетелге қатынайтын саудагер адам деген мағыналарды білдіреді. Қайта қабылдау тәсілі арқылы компьютерлік технологияда көптеген неологизмдер пайда болды. Мысалы: Web – всемирная паутина – бүкіл әлемдік желі (Интернет), mouse – тышқан, site – сайт (желідегі бет) алғашқы мағынасы – түр, browser – браузер (to browse – адасу, сенделу етістігінен пайда болған), сервер – to serve – қызмет ету етістігінен пайда болды.

Басқа тілдерден ену. Орыс немесе қазақ тіліне көптеген сөздер басқа тілдерден еніп, неологизмдер қатарына жатқызылады.

Мысалы бизнес және қаржы саласында: marketing – маркетинг, dealer – дилер т.б. Ағылшын тілінде аз болса да, кейбір тілден басқа сөздер еніп, сөздік қатарын толықтыруда. Мысалы: khozraschot – (a conflation of the Russian phrace khozyaistvenny raschot, meaning ‘self- supporting running’); the notion that industrial and other undertakings should be responsible for their own finances and not depend on the state subsidies. Сонымен қатар, орыс тілінен енген perestroika сөзі де ағылшын тілінің сөздік қорында неологизм болып табылады. Tranche (трани) француз тілінен енген сөз несие немесе қарыз дегенді білдіреді.

Сөздерді қысқарту (аббревиатура). Кейбір неологизмдер қысқарған сөздер түрінде қолданылады немесе оларды қысқартуға тура келеді. Жалпы, қысқарту дегеніміз – сөздерді бастапқы әріптер немесе мағынасын білдіретін әріптер көмегімен белгілеу. Мысалы: PC-personal computer, aka – also known as (сонымен қоса ...ретінде танымал), PR – public relations – nuap, FORTRAIN – formula translation – фортран. Кейбір неологизмдер қысқарту көмегімен жасалғанымен, қысқартуға ұқсамайды. Мысалы: scuba – self-contained underwater breathing apparatus – су астында дем алуға арналған қондырғы, SARS – severe acute respiratory syndrome –CAPC ауруы, radar – radio detecting and ranging – радар, HI-FI – High Fidelity – хай – фай. Қысқартулар туралы сөз қозғағанда мыналар туралы ұмытпау қажет:

а) дауыссыз дыбыстардың қолданылуы: ctr – centre, fwd – forward, rqs – requirements, jr – junior.

б) бастапқы буындардың қолданылуы: dept – department, nukes – nuclear weapons, libs – liberals.

в) аралас қысқартулар: ATM – automated teller machine – ақша беретін машина, банкомат, E-mail – electronic mail – электрондық пошта. Неологизмдердің құрамындағы бас әріптер кейде қысқартулар болмай өздері белгілі бір мағынаға ие: H – bomb – hydrogen bomb -  сутегі бомбасы, T – shirt – T әрпінің формасындағы қысқа жеңді футболка. Дыбысы және  атауы ұқсайтын сандар мен әріптерден де қысқартулар жасалады: 4U – for you, YU? – why you, U1 – you won, 2B – to be, 18 – I ate, R – are etc.

Ағылшын және қазақ тіліндегі техникалық неологизмдер туралы сөз қозғағанда неологизмдердің пайда болуы заманауй техниканың, ғарыштың, медицинаның, ғылымның дамуымен тікелей байланысты болмақ

. Мысалы компьютерлік техниканың пайда болуымен қатар әр тілде жаңа тілдік бірліктер пайда болды, оларды бірнеше семантикалық топтарға бөлуге болады.

1) компьютерлердің түрлерін анықтайтын, олардың құрылымын анықтайтын лексикалық бірліктер мысалы: personal computer (РС) - «жеке меншік компьютер», supercomputer-«суперкомпьютер», multi-user – «бірнеше адамға арналған компьютер», neurocomputer - «адам электронды аналогы», hardware-«компьютер бөлшектері», software-«компьютер бағдарламасы», monitor-«компьютер экраны», megabyte of computer memory-«компьютер жадының мегабайты», data-«компьютерға енгізілетін бағдарлама мәтіні», bogusware - «компьютер бағдарламасын жою мақсатында жасалған бағдарлама» және басқалары;

2) ЭЕМ тілдерін білдіретін лексикалық бірліктер, мысалы:BASIC (Beginners All-purpose Symbolic Instruction Code) - «Бейсик», Fortran (Formula Translation) - «Фортран» және басқалар;

3)Компьютермен жұмысқа байланысты қолданылатын лексикалық бірліктер мысалы: liveware - «компьютерде жұмыс жасайтын адамдар специалисты», computerman - «ЭЕМ бойынша маман», computerize - «ЭЕМ бағдарлама жасау немесе компьютерлік техникамен қамтамасыз ету », to trouble-shoot - « компьютердің ақауларын жөндеу», to blitz out - «компьютер жадындағы бағдарламаларды жою» және басқалары.

Компьютерлендірудің ғылым мен техниканың көптеген салаларында пайда болуы көптеген жаңа терминологиялық неологизмдердің пайда болуына әсерін тигізді. Мысалы, лингвистика translation - «машинамен аудару», interlingual - «бірнеше тілге аударатын жасанды тіл», electronic - translator - «ЭЕМ-аудармашы»; в биометрияда , әсіресе ұрылардан сақтану үшін қолданылатын қондырғылардың анықтамасы үшін: biometric security - «биометрикалық қорғаныс», biometric systems - «биометрикалық қондырғылар», biometric locks - «биометрикалық құлыптар», computerized card - «биометрикалық құрылымы бар , есіктер мен сейфтерді ашуға арналған карта», finger-print-scanner - «қол бедерлерін анықтауға арналған биометрикалық қондырғы», медицинада: telemonitory systems\unit -«ауруларды қашықтықтан емдеуге арналған қондырғы» және тағы басқалары.

Кино, теледидар және видеотехника саласындада көптеген жаңа техникалық құрал-жабдықтардың пайда болуы көптеген неологизмдерді өмірге әкелді.

Мысалы: inflight movies - «ұшақ бортында көрсетілетін фильмдер », inflight videosystem - «ұшақ бортында қолданылатын видео жүйе», serial - «көп сериялы фильм», featurette - «қысқа метражды документалды фильм», satellite-delivered show - «жердің жасанды серігінің көмегі арқылы көрсетілетін бағдарлама», HDTV (High Definition Television) - «көрсету сапасы өте жоғары деңгейдегі теледидар», chat show - «студиядан тікелей берілетін атақты адаммен сұхбат», kidvid - «балаларға арналған телебағдарламалар», videoplayer – видео жазбаларды көрсетуге арналған теледидар», video cassette - «видеокассета», video-cassette recorder - «видеомагнитофон», video - camera - «видеокамера», video-screen movie - «видеофильм» және басқалары.

 

 

Г. Мухаметкалиева,

 

филология ғылымдарының

 

кандидаты, доцент,

 

Эльвира Алипбаева,

 

магистрант

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Андрианов С.Н. Некоторые вопросы построения словарей специальной терминологии // Тетради переводчика. - Вып.2. - М.: Международные отношения, 2004.

 

2.Адамушко Н.И. Структурно-семантические особенности фразеологической номинации обращения // Сб. науч. тр. МГПИИЯ им. М. Тореза. Вып.290. М., 2007

 

3. Арнольд И.В. Семантическая структура слова и методика ее исследования. - М.: Просвещение, 2006.

 

Ванников Ю.В. Типы научных и технических текстов и их лингвистические особенности. - М.: 2004.

 

4. Арнольд И.В. Стилистика. Современный английский язык. - М.: Флинта: Наука, 2002.

 

5.Лотте Д.С. Основы построения научно-технической терминологии. - М.: 2001.

 

 

 

This article deals with the importance of neologisms as stylistic units in the English language. Ways and means of building of neologisms in English language and ways of their translation are described in the article. The author touches upon the stylistic and terminological kinds of them. Great attention is paid to the technical neologisms, which are connected with computerization, medicine and aviation, and which are appeared with the development of the science and technology.

 

3012 рет

көрсетілді

55

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз