• Тарих толқынында
  • 30 Қараша, 2011

Тәуелсіздік жылы дүниеге келіппін

Салтанат  Өтепберген, Халықаралық бизнес университетінің студенті   Менің ата-бабаларым өмір бойы Тәуелсіздікті аңсап, сол жолда күре­сіп, соғысып, босқын болып, ата­қоныс­тарынан айрылып, кейін тарихи Отаны Қазақстанға оралған. 1916 жылғы Қарқара көтерілісі болған өлке менің атамекенім. Қарқарадағы ұлт-азаттық көтеріліс жайында әкемнің әже, шеше­лері жиі әңгімелеп отырады екен. Әкем белгілі математик оқытушы Шаймұрат Тәуелсіздік жолында құр­бан болған Ұзақ, Жәменке және Әубәкір батырлар жайында қазір де әңгі­мелеп отырады. Мен үш ұлдан кейін 1991 жылы Тәуелсіздік жылы туыппын. Яғни, Тәуелсіздіктің құрдасымын. Осы жылдары балабақшаға, мектепке барғаным бәрі есімде. Ел егемендігін ал­ғанда жаңа оқу орындары көптеп ашылды ғой. Сол заман талабына сай ашылған Халықаралық бизнес универ­си­тетінде төртінші курста оқимын. Мені АҚШ-қа, Италияға оқуға шақырды. Барғаным жоқ. Өйткені өз елімде білім алғанға не жетсін. Ағылшын, қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Тәуелсіздік өз ұлтыңды сүю. Сол жолда еңбек етіп, халқыңа пайдаңды тигі­зу. Тәуелсіздік туралы мен – Тәуел­сіздігіміз мәңгі болсын деп тілеймін.

517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз