Бөлім мұрағаты

  • 18.05.2015
  • 3
Сапар ОСПАНОВ, философия ғылымдарының  докторы «Ұлт немесе этнос болу деген не?» деген сияқты сұрақтар қай елде де, қай кезде де аса маңызды саяси-құқықтық, салт-дәстүрлік, тілдік, ділдік, қала берді, ұлттар мен мен ұлыстар үшін тарихи-тағдырлық мәселелермен тамырлас  толғақты сұрақтар. Көптеген мемлекеттердегі этносаралық қайшы­лықтар мен қақтығыстарды туындататын себептер осы сұрақтармен тығыз төркіндес келеді.

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ

  • 03.04.2015
  • Пікір жоқ
Көңіл  шіркін  қазір айран тамған сүт­тей тез бұзылатын болып жүр ғой. Тір­ліктің бір заңы – құбылмалылығы екенін білсек те, аумалы-төкпелі кезең пейі­лімізді жүдеулікпен жөрмейді-ау дегенді қаперге алмаптық. Енді, шұбат ішсе шуақ кіретін мінез де өзгер­гендей. Бұл тойымның кет­кенінен бе? Олай ойлағанымыз тым ағаттау да болар, көлгірсуді кірістірмей айтсақ, жоқтың өзіне аз уақытта-ақ көн­­терілі бо­лып алған […]

КӘСІПКЕР БОЛҒЫСЫ КЕЛГЕНДЕРГЕ 30 ҚАҒИДА Біреуге жалданып жұмыс істегенше, жан-жаққа қарап, мен осы кімнен кеммін деп құлшыныс танытқан абзал

  • 03.04.2015
  • Пікір жоқ
Құрманғали АШАНҰЛЫ, кәсіпкер ІІІағын және орта кәсіпкерлік – эконо­миканың күретамыры, козғаушы күші. Өркениетті елдерде экономиканың тірегі – осы салалар. Қазақстан да соңғы кездері бұл салаға жете көңіл бөліп, мойын бұра бастады. Десе де, осы бір бизнес саласы, жоқ жерден бар жасап, шаруа тайқазаны бұрқ-сарқ қайнап кете қоймайтын, қыр-сыры, әдіс-тәсілі, жұмбақ қалтарысы мол сала. Сондықтан, мен […]

Тағы да Қазақстан тарихы жайлы

  • 13.01.2015
  • Пікір жоқ
Қазіргі уақытта Қазақстан тарихын оқыту, оқулықтар жазу жұмысы күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Бұл мәселенің бас­ты себебі, қазіргі тарих ғылымының ізденіс кезеңіне көп уақытты жұмсап алуында. Көп тарихшыларымыз бұл пікірмен келісе қоймас, алайда тарих ғылымының мектеп оқулығын жазуға шамасы келмей жатса осы пікірдің рас екендігін мойындауға тура келеді. 2013 жылдың жаз айындағы мемлекеттік хатшы М.Тәжин […]

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, КИБЕР СОҒЫС ЖӘНЕ БАҚ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ

  • 18.12.2014
  • Пікір жоқ
Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ, ҚР мәдениет қайраткері,  халықаралық журналист Қауіпсіздік мәселесін сөз еткенде біз ең алдымен «соғыс» деген ұғымды көз алдымызға елестетеміз. Қазір соғыссыз, бейбіт заман. Ешкім қару асынып, танк­терін айдап, ұшақпен бомбалап шекарамызды бұзып келіп, басып алып  жатқан жоқ. Бірақ, бұл жау-жардан мүлде адамыз деген сөз емес. Есесіне мылтықсыз майдан қызып тұр. Қазіргі соғыс бұ­рынғы соғыстан […]

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТІҢ БҰЙДАСЫН БОС ЖІБЕРУ – ҚАЗАҚ ЭЛИТАСЫ ҮШІН ҮЛКЕН КҮНӘ

  • 18.12.2014
  • Пікір жоқ
Айдос Сарым,   саясаттанушы Әлемдік процестерге көз жүгіртсек, масс-медиа қарқынды дамып, жаһандық ақпарат ағыны толассыз жүріп жатыр. Бұл процесс тоқтауы мүмкін емес. Ал, ең бастысы Қазақстанның ақпараттық кеңістігі осы әлемдік ақпарат ағынының бір бөлігі, секторы. Сондықтан, оның дамуына арнайы бағытын айқындап, концепция жасау  күн тәртібінен туындап отырған қажеттілік.Осы орайда, әлеуметтік медиа арқылы Қазақстанның қоғам жол […]

Ислам феномені және Исламофобия

  • 11.11.2014
  • Пікір жоқ
Амангелді Айталы,  философия  ғылымдарының докторы, профессор Исламофобия немесе мұсылмандар христиан көзімен Ұлы діндердің ішінде алуан түрлі пікір тудырып, біреулерді үрейлендіріп, бі­реу­лерге қуат беріп, күллі әлемнің ынта-на­зарын өзіне аударып отырған Ислам діні. «Ислам қайта өркендеу дәуірі», «Ислам рене­сансы», «Ислам феномені» сияқты теңеулер XX ғасырдың 80-90-шы жылдарында айтыла бастады. Ғалымдар, сарапшылар ислам діні туралы қалыптасқан тұжырымдарды ой […]

ИСЛАМ ФОБИЯСЫ ЖӘНЕ СТЕРЕОТИПТЕР

  • 11.11.2014
  • Пікір жоқ
Бақытжан Сатершинов, философия ғылымдарының  докторы, доцент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан-2050» стратегиясы – қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 2013 жылғы Жолдауында: «Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Бірақ, бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына […]
Бет 4 ден 9« Басы...«23456 » ...Соңы »

Мұрағат