Бөлім мұрағаты

Ұстаз болу – жүректің, ғалым болу – зерденің қалауы

  • 01.05.2019
  • Пікір жоқ
Сапар Иманғалиұлы Оспанов бізге, яғни, ұстаздың төл шәкірттеріне ұлағатты есім. Ол философия ғылымдарының докторы, әлеуметтанушы, арғытектанушы, жоғары білімдендіру саласы ұстаздары мен ғалымдарының біліктілігін арттыратын «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының профессор-тәлімгері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұстазы. Өнегелі өмір жолында білім беру мен ғылыми ізденістердің отандық керуенімен бірге келе жатқан Сапар Иманғалиұлы биыл өзінің мерейлі 70 […]

ТІЛДІ СТАНДАРТТАУ – ИНДУСТРИЯЛЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
Қанағат Жүкешев, зерттеуші Норма болмаған жерден ауытқу басталады. Ағылшын мақалы Тек ауызекі тілде жазу тіл білмегендікті айғақтайды. А.Пушкин Қазақ тілінің ұзаққа созылған, шешуі қиын түйіндерінің объективті себептеріне қарағанда субъективті себептерінің кері ықпалы басым болды. Құбылысты теориялық-тұжырымдамалық келіспен зерттеудің болмауынан, осы уақытқа дейін тіл көші қонысын таба алмай, қатардағы мұғалімнен Президентке дейінгі күллі қазақтың бас сақинасына […]

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
Дина ИМАМБАЕВА, «Ақиқат» журналының бөлім редакторы Ғылыми-техникалық прогресс және индустрияландыру әлем елдерінің барлығын қамтыған жаһандық құбылысқа жатады. Ал, оның даму деңгейі әр елде әртүрлі, жергілікті ерекшеліктер және тарихи-әлеуметтік себептерге байланысты болуы заңды. Әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасына да индустриялық процестердің өзіндік даму дәрежесі тән. Мемлекет пен қоғам үшін аса маңызды бұл үрдістер […]

ХАЛЫҚ САНАҒЫ: САН АРҚЫЛЫ САПАҒА

  • 26.02.2019
  • Пікір жоқ
Дина ИМАМБАЕВА, «Ақиқат» журналының  бөлім редакторы жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты. Биыл елімізде жалпыұлттық халық санағы өтеді.  Он жылда бір тұрақты түрде өткізілетін ең үлкен әлеуметтік сауалнаманың мемлекетіміз үшін  маңызы зор. Қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі – адам, сондықтан әрбір елдің экономикалық өсімі халықтың саны мен сапасына, білімі мен мәдениетіне және өмір […]

АҚЖОЛТАЙДЫҢ СҰҢҚАРЫ

  • 26.02.2019
  • Пікір жоқ
Өмір өткелдері Көктерек ауылындағы орта мектепті бітіріп, арман жетегіне ерген Нұржан Исақов Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқып жүрген кезінен бастап, қоғамдық істерге араласып кетті. Бойдағы ерік-жігер жас жігітті жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін де үлкен асу-белестерді бағындыруға ұмтылдырды. Еңбек жолын 1982 жылы Ішкі істер министрлігінің көліктегі Шығыс Басқармасында тергеуші болудан бас-тады. […]

Қазақстан – бүкіл түркі жұртының алтын бесігі

  • 25.12.2018
  • Пікір жоқ
Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ, Халықаралық Ақпараттар академиясының академигі Уақыт тарихтың даму үдерісі сызып қойған заңдылықтарға сыймайтынын көрсетіп берді. Дәл бүгін түркілік намыс атойлап тұр. ХХІ ғасырда Түркі әлемі жалпы әлемдік саяси процестердің ұштағанына айнала бастады. Алып аймақта орналасқан мемлекеттердің ұзақ мерзімді даму стратегиясы бүгінде ғаламдық өркениеттер қақтығысындағы сынақтарға қатысты іс-қимыл жасап, оны біріктіруді талап ететін моделін ойлап […]

ДІНИ БІЛІМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК

  • 25.12.2018
  • Пікір жоқ
Амангелді Айталы, философия ғылымының докторы, профессор, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Діни  оқу орындары мен дүниеуи оқу орындарының тәрбие саласында ортақ мәселелері көп болғанмен әлі күнге дейін пікір алмасып тәжірибелермен бөлісуге мән берілмейді. Биыл Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінде алғаш рет бірлескен «Қоғамның санасын жаңғырту және дәстүрлі рухани білім мәселелрі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның […]

АПОРТ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МАҚТАНЫШЫ

  • 25.12.2018
  • Пікір жоқ
Осыдан бірнеше жыл бұрын жабайы алманың эволюциялық тарихын зерттеу кезінде шетел ғалымдары әлемдегі алма атаулының арғы атасы Қазақстанда, оның ішінде Алматыда екенін ғылыми деректермен дәлелдеді. Алманың отаны – Алатау! Генетик ғалымдардың «Nature Communications» журналында жарияланған зерттеуі бойынша, «Malus domestica» атты алма сұрыбы біздің елімізден тараған. Алманың осы түрлері атақты Жібек жолымен Шығыс пен Батыс елдеріне […]
Бет 4 ден 12« Басы...«23456 » 10...Соңы »