Бөлім мұрағаты

ҚҰПИЯСЫН ҚОЙНЫНА ЖАСЫРҒАН ҚОЙНАУЛАР

  • 28.05.2019
  • Пікір жоқ
Жексен Алпартегі, журналист Жасы 80-нен асқан өлкетанушы, этнограф, Алтынбек Қонаев қария телефон соқты. «Уақытың болса, атақты Шалкөде жайлауына барып қайтсақ. Бұрын өзіңе айтқан үйсін қызының балбал тасын саған көрсетемін. Тас өз орнында болу керек. Жазда ол жаққа тек малшылар ғана барады, қалған мезгілде ешкім аяқ баспайды.Соған жол түсіп тұр. Одан кейін Қарағайлыдағы Жанпейістің шамкөріне соғып, […]

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ НЕКЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРТЕКТІЛЕНУ

  • 01.05.2019
  • Пікір жоқ
Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналының бөлім редакторы Қазақстан Республикасы өзінің тарихи қалыптасу ерекшелігіне байланысты көп ұлтты елге айналды. Бұл үрдіс негізінен патшалық Ресейдің қазақ елін отарлауы барысында күштеп қоныс аударту жолымен шаруалардың жаппай келуімен және әскери бекіністердің салынуымен қатар жүрді. Одан кейінгі кезеңде Кеңестік билік бұл үрдісті одан әрі жалғастырып, қазақ жерін түрлі ұлт өкілдерінің көптеп […]

ҚЫЗЫЛКӨЛДІҢ БІР БАЙЛЫҒЫ — ҚАРА БАЛШЫҚ

  • 20.03.2019
  • 1
Созақтың сайын даласындағы жолаушыдан түсіп қалған жалғыз моншақтай алыстан менмұндалап жарқырап жататын Қызылкөлдің жағалауында бір замандарда Абылай хан ақ шаңқан үйлер тіктіріп жатқан деген әңгіме осы күнге дейін жыр болып айтылады. Одан беріде көл жағалауында Кенесары хан ордасы бой тіктеген деген әңгімені бүгінде Қызылкөл ауылында тұратын төре-төлеңгіттер жаңғыртады. Қалай дегенде де Қызылкөлдің тағдыр-талайы бөлек бітімде […]

ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУ ТЕТІГІ

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
Серік Ерғали, мәдениеттанушы Тіліміздің дамуындағы өзекті мәселені термин жайы алып отыр. Терминді қазақшалау лексикалық қорды байыту ғана емес, ең әуелі тілдің ғылыми саласын дамыту көрінісі болып табылады. Сол себепті, тілдің қаншалықты лексикалық қоры бай болса да, оның терминдік жұтаңдыққа тап болуы заңды да. Терминологияны дамытуға сөздерді «құлағынан тізіп терминге айналдырудың» қатысы жоқ, ол ең әуелі […]

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ АЛЬТРУИЗМ ҚАҒИДАЛАРЫ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ

  • 26.02.2019
  • Пікір жоқ
Нұрғиса КУШЕРОВ, саясаттанушы Қазіргі Қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық, әлеуметтік сыни қарым-қатынас пен шектеулердің барлық түрлері практика жүзінде қолданылуда. Тікелей жауапты құзырлы орган ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы күнге дейін сыбайлас жемқорлық індетімен күрестің барлық пошымдарын қарастырып, оны түрлі формада енгізумен келеді. Қатаң бас бостандығынан айыру жазаларынан […]

«Партизан қызы» кітабының кейіпкерлері туралы не білеміз?

  • 25.12.2018
  • Пікір жоқ
Жанболат АУПБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист 60-шы жылдардың басы. 12-13 жастардағы бала кезіміз. Ауыл дүкеніне жазушы Әди Шәріпов ағамыздың «Партизан қызы» повесінің түскені бар. Сол кездегі жасөспірімдер ұғымымен қарағанда бұл өзі мүлде бөлек дүние еді. Сондықтан, оны қолдан қолға тигізбей оқыдық дейсіз. Оқиға соғыс жүріп жатқан батыста бастау алады. Келе-келе әңгіме сондағы жау тылында […]

«Маржан қыз» әнінің шығу тарихын білесіз бе?

  • 21.11.2018
  • Пікір жоқ
1957 жыл. Степан Ра­зин мен Социализм кол­хозы (қазіргі Аты­рау облысы, Индер ау­даны) қосылмаған ке­­зеңде Алматы шаһа­рын­да үлкен жиналыс өте­тіні жө­­нінде хабар келеді. Ба­тыс Қазақстан облысынан «социалистік жарыста» Гурьев (қазіргі Атырау) облысы атынан сөз сөйлейтін адамды жедел түрде іздейді. Сөйтіп, жүктелген міндеттерді толық­тай орындаған Батыс Қазақстан облы­сымен шекаралас Есбол ауданына қарасты «Степан Разин» атындағы колхоздан сөз […]

АЛАЯҚ АЛЫПСАТАР, СУМАҢДАҒАН САУДАГЕР…

  • 18.10.2018
  • Пікір жоқ
«Қарап тұрсаң базарға әркім барар» деп ұлы ақын Абай айтпақшы, кеше де, бүгін де сауда-саттық өміріміздің ажырамас бір бөлшегіне айналып кеткен. Күнделікті тұтыну тауарларының қайсысы болсын түгесілгенде әуелі құстай ұшып базарға барасыз. Керегіңізді таңдап жүріп сатып алуға қазір мүмкіндік мол. Қай базарға барсаңыз да тауар жетіп, артылады. Не жоқ дейсіз, Құдай-ау, қасқалдақтың қанынан, адамның жанынан […]
Бет 4 ден 6« Басы...«23456 »

Мұрағат

error: Content is protected !!