КӨРНЕКІ ТАҒЫЛЫҚ

  • 15.07.2014
  • 518 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мұстафа Шоқай

Жуырда Бұқарадан алған хатымда Хайбар Абод, Күйімкүшкент, Қыштыкент, Вабкент ауданы елді мекендерінде көте­ріліс жасаушылардың Кеңестік жеке жасақ  бөлімдерімен қақтығысының жеке оқиға­ларын жазып беріп жіберіпті.
«Кез келген күрестің нәтижесінде, – деп жазады маған ол хатта, – зауалын кө­теретін жақын жердегі жергілікті тұр­ғын халық. Өздерінің сәттілік (жетіс­тік) жағдайларына қарай советтік жа­сақтар сыйлықтарын «басмашылардан босатқаны үшін» өздері алады. Жолдары болмаған сәтсіздіктері кезінде тұр­ғын­дарға «басмашыларға бүйректерің бұрылды» деп айыптар салады. Қысқа уа­қыт аралықтарында «Басмашылардан азат еткені үшін сыйлық» алу, ал, келесісінде «басмашыларға бүйректерің бұрғаны үшін» деген сылтаумен жазалау жорықтарын жүргізудің салдарынан екі рет тоналған елді мекендер де бар. 


Былайша да болады екен. Кеңес жасақтары келеді де «Кеңес өкіметі жағындасыз ба, әлде басмашыларға жақсыз ба?» деген сұрақтардың астына алады. Әлбетте, бәрі де кеңес өкіметі жағында. Олай болса, отрядты өзіңнің  асырауыңа аласың, – дейді. Тікелей жауап қатудың орнына олар үнсіздікпен бас шұлғиды. Енді бірде, «Сіздер үндемейсіздер, олай болса, сіздер жасырын бүркемелі жаусыңдар. Жаулармен қалай әрекет жасайтындығы белгілі» деп қолдарынан келген жауыздықтарын көрсетеді.
Бұқара шаруалары кеңес жасақтары жақындап қалғанда барлығын тастап далаға босады. Бір бөлігі жасырынып қалады, ал, енді, бір бөлігі басмашыларға кетеді. Сонымен, басмашылар өзін өзі осылайша ұстап тұрады. Большевиктер болса мұны жай ғана «қарақшылық» деп атайды. Бұхарада осы «қарақшылықпен» басмашылар өзін тұп-тура 4 жыл сақтап келеді. Тұрғындардың, жай халықтық өкіметке немесе «қарақшыларға» баруға таңдау жасауына мәжбүрлеп отырған мұндай өкіметтің халықтық моральдық беделі қандай болуы керек?
Хаттың авторлары большевиктік әдіс­тердің айуандықтық көрінісін осылайша жан-жақты етіп көрсетіп беруде.  24-шілдеде (1924 жыл)1 «басмашылар көсемі Жұма құрбашыны Ванғазы ауданында қолға түсіру әрекеті зая кеткен соң, совет жасағы бейбіт жатқан ауылға баса-көктеп кіріп, ешнәрсеге қатысы жоқ шаруа-жер иесі, Жұма құрбашының  ағасы Ширинді  кепілдікке алып кетеді. Шириннің отбасына көрсетілген кез келген көмек совет өкіметінің қас жауына көрсетілген көмекке жатқызылған. 
Ағзам қажы құрбашының  большевиктермен болған кезекті қақтығысы кезінде оның  Хафиз атты көмекшісі кеңес жасағының қолына түседі. Большевиктер оның басын шауып алып, қолға түскен олжа ретінде ол басты өз басшыларына жібереді. 
 «Бұл айуандықтың көрінісі, – делін­ген хатта, – большевиктердің мұндай қылықтары бұл бір ғана емес. 1922 жыл­­дың қыркүйегінде Ташкентте өткен пар­тия конференциясының кезекті бір мәжілісінде большевиктер мінбеден са­мар­қандтық көтерілісшілердің басшылары Бахрам бек пен өзбек мұғалім Қары Қамиланың кесіп алынған бастарын жұртқа көрсеткен.
Хандық басқару заманында да мұн­дай айуандық көрінісіне жол бе­ріл­­­мегендіктен осы оғаш оқиғаға қар­­­сы­лық білдіргендерге Мәскеуден кел­ген делегат­тың «шүберексіңдер», «сі­ле­кей­сің­дер» деген зор айқайы барлық отыр­ғандарды осындай көрініспен келі­суге мәжбүрледі. Мұндай зор айқайға қарсы келу­шілердің өздері иықтарынан бас­тары кесіліп алы­нып, осы мінбеден көрсе­тілетіндігі жайында қоқан-лоқы жасайды. 
Өз басшыларына Хафиздің басын алып келген Бұқарадағы милиция бас­­тығы Рахымбаев революциялық награ­даға ие болды. Оған ІІ дәрежелі Қызыл Ту ордені берілді («Азат Бұқара» газетінің №111 санын қараңыз).
Адамның басын кесіп алып, оны көп­ші­­лік алдында көрсету – Орта Азияда ле­­ни­­низмнің құрған қанқұйлы әдет-ғұр­пы. 

Последние новости. Париж. 1924.30.VIII ( №1333).
Мақаланы орыс тілінен аударған Есенкелді  Төреқұлов

Алдыңғы «
Келесі »