Қазақстан мен Венгрияның құқықтық жүйесіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды

  • 05.09.2014
  • 422 рет оқылды
  • Пікір жоқ

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Венгрия Жоғарғы Сотының Төрағасы, Доктор Петер Дарокпен кездесті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар құқықтық жүйедегі ынтымақтастықтың болашағы туралы талқылады. Жиында тараптар өзара қарым-қатынастың одан әрі дамуына құқықтық жүйеде тәжіри алмасудың маңызды қадам екендігін айтты.

Кездесуде А.Дауылбаев құқық қорғау жүйесіндегі реформалар туралы және қылмыстық заңнама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен қатар, Қазақстанда адам құқығын қорғау саласында жасалып жатқан шаралар жөнінде әңгімеледі.

Сонымен қатар, Қазақстанның Бас прокуроры еліміздің геосаяси жағдайын ескере отырып, қылмыспен күрес Қазақстан құзырлы органдарының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Осыған орай, қылмыстың алдын алу, жақын және алыс шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен өзара бірлеске әрекет ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, делінген хабарламада.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!