Беларусь пен Қазақстанда өзара қызмет алмасу саласында пайдаланылмаған әлеует бар

  • 17.09.2014
  • 369 рет оқылды
  • Пікір жоқ

ҚазАқпарат – Беларусь пен Қазақстанда өзара қызмет алмасу саласында пайдаланылмаған әлеует бар.  Беларусь сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Вячеслав Реут Беларусь-қазақстан бизнес-форумының ашылуында журналистерге осындай пікірін білдірді, деп хабарлады БЕЛТА.

2013 жылы Беларусь пен Қазақстанныңң сыртқа сауда көлемі 1 млрд. доллардан асты. Бұл соманың елеулі бөлігі тауарларды экспорттауды құрайды, дегенмен өзара қызмет алмасу сияқты маңызды сала жеткіліксіз дамып отыр. «Біз белаусь тарапынан да, қазақстандық тараптан да әлеуетті мүмкіндіктерді толық пайдаланып отырған жоқпыз. Атап айтқанда, Қазақстанның жаңа елдорда – Астананы тез әрі тамаша салуда үлкен тәжірибесі бар. Біз осы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңіте түсуіміз қажет», – деп мәлім етті Вячеслав Реут.  

Экспорт көлемі жөнінен Қазақстан маңызы жағынан ТМД елдерінің арасындағы Беларусьтің үшінші әріптесі, – алда Ресей мен Украина ғана. Вячеслав Реуттің айтуынша, еіжақты өзара қатынастарда Бірыңғай экономикалық кеңістік ауқымындағы бірлескен жұмыс қуатты тетік болып отыр. «Екі елдің сауда-экономикалық палаталарының белсенділігі осындай жұмыстың жарқын көрінісі.  Егер бұрын жылына 4-5 делегация алмасатын болсақ, бүгінде 14-15 барыс-келіс сапарлары жүзеге асырылуда. Яғни, бұл  кәсіпорындардың бірлескен жұмысқа қызығушылығы бірнеше есе артып отыр деген сөз», –  деп атап көрсетті Беларус СӨП төрағасының  бірінші орынбасары.

Минскіде өтіп жатқан Беларусь-қазақстан бизнес-форумымен қатар Қазақстанда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-беларусь үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді, оған премьер-министрдің орынбасары Михаил Русый  бастаған үкіметтік комиссия қатысады.  «Бұл осы орайда тұрақты жұмыс жүргізіліп отырғанын көрсетеді, ол нақты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс», – деп атап өтті Вячеслав Реут.  

Беларусь-қазақстан бизнес-форумына беларусь бизнесінің 50-ден астам өкілдері және  Қазақстаннан құрылыс материалдары, фармацевтік өнімдер, машина жасау жабдықтары, тағам өнімдері өндірісіне маманданған 12 компания қатысуда.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!