Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 2017 жылдың қаңтарынан бастап 34%-ға ұлғаяды

  • 07.11.2014
  • 1416 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап 34%-ға ұлғаяды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың сөзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Егер назар аударсаңыз, онда Ресей мен Беларусь біздің 1998 жылдан бері қолданып келе жатқан, атап айтқанда нормативті-статистикалық әдіснамаға ауысты. Онда әрбір 5 жыл сайын өзгеріп тұруы тиіс азық-түлік бөлігі бар. 2017 жылға қарай азық-түлік бөлігін өзгертеміз және азық-түлік пен азық-түлік еместің арасындағы пропорцияны да өзгертеміз. Ол, біздің есептеуіміз бойынша, егер 2014 жылмен салыстырсақ, 2017 жылға таман 34%-ға дейін дерлік ұлғаюы тиіс. Яғни күнелту минимумының мөлшері (КММ) 2017 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 34%-ға артуы тиіс», — деді Т. Дүйсенова жұма күні ТМД қатысушы мемлекеттері халықтарының еңбек, көші-қон және әлеуметтік қорғау бойынша кеңестемелік кеңес отырысының кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатып.

Ведомство басшысы еске салғандай, бүгінде Қазақстанда зейнетақы аударымдарының жаңа тұжырымдамасы бекітілген. «2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап күнелту минимумының ұлғаюын қарастырып отырмыз. 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеудің жаңа тәсіліне көшеміз, себебі ол, өздеріңіз білетіндей, күнелту минимумынан өрбиді. 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап біздің жұмыс берушілер өз жұмысшылары үшін 5% аударатын болады», — деп санамалап берді ол.

Т.Дүйсенова Ресейде бұл мәселелердің «басқаша қаралатынына» назар аударды. «Біздің Ресейдегі әріптестерімізде бұл мәселе басқаша қаралады. Оларда зейнетақының минималды мөлшері 15 жылдық өтілі барларға төленеді. Беларусь Республикасында бүгінде – 10 жыл, бірақ ол жақта 5 жыл қосуды қалап отыр. Бізде, егер адам зейнет жасына жететін болса, егер ешқашан еңбек өтіліне ие болмаған болса, ол күнелту минимумынан 50% ала алады, ал ары қарай енді өтіл бойынша болады. Біздің зейнетақы жүйелеріміз бойынша айырмашылықтарымыз бар, әрқайсының өз шарттары бар, бәлкім, бұл әр елдің өзіндік ерекшелігі шығар», — деп қорытты ол.

Еске сала кетейік, «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес күнелту минимумы ҚР-да 2014 жылы Т19 966-ды құрап отыр.

businessnews.kz

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!