Қ.Төлеушин: қараша айының басында 4464 шартқа қол қойылды

  • 10.11.2014
  • 393 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша 2014 жылдың 3 қарашасында 1007 млрд теңге сомаға несиелер бойынша 4464 шартқа қол қойылды. Бұл жөнінде ҮИИД МБ турасында өткен ОКҚ брифингінде «Бәйтерек» Холдингінің басқарушы директоры Қаныш Төлеушин мәлімдеді. 

– Соңғы 4 жылдың ішінде Қазақстанда ШОБ секторына көрсетілген қаржылық көмек көлемінің теңдесі жоқ. Бұны бағдарлама қатысушыларының қызмет көрсеткіштері куәландырады. Банктердің 13,6 пайыз несиелерін экономиканың басым салаларында «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының қатысушы-кәсіпорындары алады. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша 2014 жылдың 3 қарашасында 1007 млрд теңге сомаға несиелер бойынша 4464 шартқа қол қойылды. Төленген субсидиялардың сомасы 80,3 млрд теңгені құрады, – деді ол.

«Несиелерді кепілдендіру бойныша 2014 жылдың 3 қарашасында 33,9 млрд теңге сомаға несиелер бойынша кепілдендірудің 572 шартына қол қойылды. Кепілдік сомасы 14,8 млрд теңгені құрады. Қолдаудың экономикалық, әлеуметтік және бюджеттік тиімділікте көрінетін қайтарымы бар. Осылайша, 2013 жылдың ішінде бағдарлама қатысушылары 77,6 млрд теңге салық төлемдерін қамтамасыз етті. Бағдарлама қатысушыларының өнімдері шығаруы жылына 852 млрд теңге деңгейінде бағаланады» деп атап өтті Қаныш Аманбайұлы. 

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат